Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі
Қоғамда азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі әр түрлі деңгейде. Ол әрине азаматтың кәсібіне тікелей байланысты. Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік мәртебесі туралы айтпас бұрын, олардың қоғамдағы маңыздылығына тоқтала кетейік.
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы. Себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші. Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді.
Мейірбикелік іс - қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен өнер. Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында бірқатар мәселе қозғады. Соның ішінде медицина саласына қатысты да өзгертулер енгізуді ұсынды. Президент медицина қызметкерлерінің жалақысын 2023 жылға дейін біртіндеп 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл дәрігерлердің әлеуметтік, тұрмыстық хал-ахуалына зор септігін тигізетініне сенімдімін. Сондай-ақ дәрігер мамандығының мәртебесін де жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік жағдайы қазіргі күннің өзінде де жоғары дәрежеде. Олар халық арасында үлкен құрметке ие.
Жұмабекова Сымбат 1703-11