Дәрілік түрлер технологиясында дозалау



бет1/4
Дата06.10.2023
өлшемі110,88 Kb.
#112941
  1   2   3   4

Суспензииялялар, Эмульсар

Орындағандар: Тілеухан Айгерім

Құралбай Арайлым

Сабырбек Ұлмекен

Жоспары:

  • Суспензия.
  • Суспензияның артықшылықтары мен кемшіліктері.
  • Суспензияның түзілу жағдайлары.
  • Суспензияға қойылатын талаптар.
  • Эмульсиялар
  • Эмульсиялар артықшылықтары мен кемшіліктері.
  • Эмульсиялардың сапасын бақылау.
  • Эмульсиялардың ерекшеліктері.

Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр.
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар бөлінеді:
  • Ірі суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында)
  • майда суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында)

Артықшылықтары:

  • суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік заттарды босатуға болады;
  • әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады;
  • ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен ДЗ тез терапевтік әсер көрсетеді
  • суда ерітілген дәрілік заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар баяу шығарылуына байланысты ұзақ әсер етеді.

Кемшіліктері:
  • технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа,
  • дәл дозаланбайды, сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін ДЗ босату мүмкіндігі жоқ;

Суспензияның түзілу жағдайлары:

  • физикалық әдіспен түзілуі- дәрілік түр құрамына дисперстік ортада ерімейтін заттар енгенде (күкірт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б.);
  • физика-химиялық әдіспен түзілуі- егер дәрілік заттың мөлшері ерігіштік шекарасынан асып кетсе, мысалы, бор қышқылының мөлшері 5%, натрий гидрокарбонатының мөлшері 8% артық концентрацияда жазылса;
  • физика-химиялық әдіспен түзілуі - еріткішті алмастырғанда, мысалы, егер сулы ерітіндіге спиртті ерітінді (галенді және жаңа галенді препараттар) қосылса, дәрілік заттың ерігіштік қабілеті төмендеп, ол тұнбаға түседі;
  • химиялық әдіспен түзілуі- жеке еритін дәрілік заттарды бір дисперстік ортада еріткен кезде, олар әрекеттесіп ерімейтін қоспа түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет