Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы



бет1/25
Дата14.12.2022
өлшемі122,21 Kb.
#57219
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

ДӘРІС 1
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі
Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Дәрістің мақсаты: пәннің мән-мағынасын түсіну, зерттеу объектілерімен танысу, негізгі міндеттерін анықтау.
Жоспары:

  1. Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы

  2. Қазақстан – адам мәдениетінің кӛне ошақтарының бірі

Орта Азия мен Қазақстан мәдениеті кӛне елдердің қатарына жатады. Археологаялық қазба деректері алғашқы адамның осында палеолит дәуірінде пайда болғандығын растайды.1969 жылы Маңтапшақ түбіңдегі ежелгі адамның түрағы табылды. Ғалымдардың тұжырымдауына қарағанда, бұл осы уақытқа дейін ТМД елдерінде табылған алғашқы адам түрағының ең кӛнесі болып табылады.
Бұл ғылыми жаңалық - Қазақстан территориясындағы адам қауымы тарихын бірнеше жылға ілгері итеріп қоюмен шектелуде ғана емес, елімізде алғашқы адам қашан пайда болды, мәдениеттің даму сатысы қай кезеңнен басталады деген сұраққа нақтылы да дүрыс жауап. беруге септігін тигізумен мәнді болып отыр.
"Орта Азиядағы ежелгі адамдар аң аулаумен айналысты. Тссік-Таштан табылған мустьер адамдарын зерттеу нәтижесі, олардың тәсілқой және ержүрек аңшы болғандығын дӛлелдейді. Олар кез келген аңның мінезін, қылығын мүлтіксіз білуге, ӛздері тӛзімді де айлакер, алып күш иесі болуға тиісті болған, мүмкін ӛмір шарты осыны талап еткен болар.
Палеолиттің аяқ кезінде найза лақтыру пайда бодды. Найза лақтыру әдісінің қолданылуы, бұл кезенде ежелгі адамның аңшылық әрекетінің саналы сипат алғандығын кӛрсетеді. (3) Осындай аңшы қаруы мен құралдары Орта Азия жсріндегі ежелгі адамдарға да белгілі болған. 1964 жылы ӛзбек ғалымдары Бұхара түбінен неолит дӛуіріңде ӛмір сүрген ежелгі адамның түрағын қазу кезінде, тас еңбек құралдарымен қатар, найзаның тас түрақтандырғышын (стабилизаторын) тапқан. Белгілі археолог А.Л.Окладников, олжаны зерттей келе, бұл — атлатль — арнайы тас найзаға жіп арқылы байланып, аңшы қаруының алысқа ұшуына тұрақтылық беретінін және соғу күшінің үлғаюына есер ететінін анықтаған.
Палеолит дәуіріне қарағанда жаңа, тас дәуірінің (неолит) бас кезінде түрлі қүстар мен аңдар аулау ӛнімдірек болды. Тас қарудың жетілдірілген түрі, аң аулаудың негізгі қаруы ретінде садақ пен жебенің пайда болуы тамақ қорын молырақ жинауға жағдай жасады, аңшылықпен бірге анды қолға үйрету мүмкіндігіне себепші болды.
Жаңа шаруашылық түрінің енуіне байланысты адамзат қауымының ұйымдасу түрлері де тұрақтала бастады. Туыстығы аналық желіден тарайтын, мүшелері жақын қандас туыс топтардан біріккен аналық рулық қоғам ӛзінің дамуы мен аяқталу кезеңіне жетті. (6)
Ертеректе дінге дейінгі дәуірде пайда болған, дене шынықтыру жаттығулары, бүл кезеңде ӛзінің дамуын одан әрі жалғастыра отырьп, дене тәрбиесінде маңызды тәсіл болды.
Тәрбиемен рулық қауымның барлық ұжымы айналысты, олар ӛз мүшелерінің, дене жетілдіру саласына нақтылы талаптар қойды. Адамдардың еңбек ету қабілетін жыныстық белгілеріне қарай жекеше жіктеу бұл жүйені дифференциалды етті. Бүны Орта Азия мен Қазақстан тарихының этнографиялық мәліметтері қуаттайды.
Аналық рулық қауым дӛуірінде жарыс ойындары әйгілі бола бастады, сол арқылы адамның дене мен ой қабілеті жетілдірілді. Бүньң негізінде еңбекке баулу дайындығы адамның қоршаған ортаға ықпалын күшейту, табиғаттың дүлей күшін ӛзіне бағьщдыру ұмтылысы жатты.
Аталық ру дәуірівде (патриархат) дифференциалды жүйе күшейе түсті. Қауьм мүшесін тәрбиелеуде жыныстық жӛне жастық дәрежесіне қарай жеке бағалау жүйесі ұлғайды.; Қыздар мен жігіттер ӛмірдің қатаң шарттарына қарсы тұруы үшін, күш қабілеті мен еңбекке деген білікгілігі жоғары болуы тиіс еді. Бұл тәрбие әдістерін мамандандыруды күшейте түсті.
Ӛткен дӛуірлерде Орта Азия мен Қазақстан елдерінде балалар үш жасқа дейін бірдей жағдайда тәрбиеленіп, олардьң бірігіп ойындар ойнағанын этнографиялық мәліметгер растайды. Ал, бұдан кейін басқа кезең туды, ұл балалар менқыз балалар үшін ӛзіндік ерекшеліктеріне тән әр түрлі талаптар қойылды. Әсіресе, ұл баланың тәрбиесіне жіті кӛңіл бӛлінді. Ол дене шынықтырудың арнайы айла-тәсілдері үйлесім тапқан, айқын ӛтпелі сатылардан тұрды.
Тарихи мағлүматтарға қарағанда, бір жастық топтан кейінгіге ӛту кезеңі ептілігін, батылдығын, мықтылығын нақтьлы шарттарға сай орындаумен, оны қоршаған ортада қолдана білуін кӛрсетумен байланысты болды. Мысалы, ғұн ұлдары алгашқыда кішкене құстар мсн андарды садақпен атуды үйреніп, қой үстіне мінсе, ал ӛсе келе қоян, түлкі атып оны қорек еткен. Садақ атуға шеберленген бозбаланы атты айлакер қатарына қабылдаған. Монғолдарда үлдарын аңшылыққа қабылдауы аң аулауда тапқан олжасына қарай белгіленген. Құс пен кіші андарға жебе тартудан, аңшылық пен әскер жолын қазақ балалары да бастаған.
Келтірілген мағлұматтардан дәстүрлі бағыттылыкты бақылай отырып, бұның негізінде ӛткен дәуірдің, рулық қоғам дәуірінің сарқыншағы мен жаңғырығын кӛруге болады.
Ӛмірде қоғамның және кәсіптің ӛзгеруіне байланысты дсне шынықтыру аумағында да жаңа ӛзгерістерге ие болды. Ол мазмүны жағынан күрделене және түрлене түсті. Енді, ол натуралистік сипатта емес қоғам ӛмірінің күрделі жағьнан кӛбірек кӛрініс бере бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет