Сабақ жоспары «15»



Дата19.05.2023
өлшемі38,98 Kb.
#95320
түріСабақ

Сабақ жоспары
«15» мамыр 2023 жыл
Тақырыбы: Жеңнен және белдіктен ұстап, жамбасқа салып лақтыру.
Өтетін орны: Күрес залы.
Мақсаты: Оқушылардың икемділігін, ептілігін арттыра отырып, жеңнен және белдіктен ұстап, жамбасқа салып лақтыру әдісін игерту.



САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ





УАҚЫТ


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



СУРЕТ ТҮРІНДЕГІ ТӘСІЛДЕРІ

КІРІСПЕ БӨЛІМ – 10 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Қатысымын тексеру.

2 минут



Оқушылардың сапта дұрыс тұруын қадағалау.
Тазалығын тексеру.




Оңға, солға бұрылу, жәймен жүріп, бірте - бірте жүгіруге көшу, оң қапталмен, сол қапталмен секіру.

3 минут

Оқушылардың жалпы дене жаттығуларын
дұрыс орындауын қадағалау.




Төсеніш үстінде орындалатын жаттығулар
Бір орында тұрып алға қарай домалау

2 минут



Екі аяқты қосып ұстап алға қарай домалау




Бір орында тұрып артқа қарай домалау

2 минут



Бір орында тұрып қалуды сақтау




Бір орында тұрып оң және сол жамбасқа құлау

2 минут

Арақашықтықты сақтау, дұрыс құлай білу




Бір орында тұрып алға екі рет домалап, қос аяқпен ұзындыққа секіру



2 минут



Тепе-теңдікті сақтау, дұрыс секіру




Төсеніште екі тізені бүгіп тіземен жүгіру



2 минут



Екі тіземен жүгіру кезінде жан-жағына құламай, екі қолы жанында дұрыс орындау




НЕГІЗГІ БӨЛІМ – 25 минут

Жеңнен немесе белдіктен ұстап жамбасқа лақтыру әдісі туралы түсінік беру.

7 минут

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын табу үшін мына суретке қараймыз және тапсырмаларды бірге орындайық!
1-Бұл суреттегі кісі кім? (Қазақстан барысы-2017 Бейбіт Ыстыбаев)
2-Мына сөйлемнің жоқ сөзін табайық: Бір жағадан бас, бір :::::::::::қол шығару. (жеңнен)
Бұл сөйлемнің қандай мағынасы бар? (Ауызбіршілікте болу, ынтымақта, татулықта болу)
3-Сұрақ: Қылыш қынабын ұстап тұратын жабдық? (Белдік)
4-Ет тағамын тарту кезінде сыйлы қонаққа берілетін сүйек атауы? (Жамбас)
5-Суреттермен тақырыпты түсіндіру




Жеңнен немесе белдіктен ұстап жамбасқа лақтыру әдісі көрсету, үйрету



13 минут



Бұл әдісті бәсекелестердің тізені бүгіп аласа тұрған жағдайда орындауы қолайлы. 1-Шабуыл жасаушы палуан бір қолымен бәсекелесінің жеңінен ұстап өзіне қарай жұлқи тартады. 2- Қарсыласты тепе-теңдік қалпынан шығарып, екінші қолымен белдіктен ұстайды. 3-оңға не солға қарай аяғынан шалып, жамбаспен қағады. 4-жерге өзі айнала қарсыласты құлатады.




Оқушылар өз беттерімен орындайды және қателіктерін түзеп отыру





5 минут


1. Бәсекелесті кілемнен көтере алмау.
2. Тізе буынын ерте жазу.
3.Жамбасты ішке сұғына енгізу.Бұл үлкен бұрылыс туғызып.әдістің дұрыс орындалуына кедергі жасайды.




ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ – 5 минут

Оқушыларға бөлме ішінде жәй жүріп, тыныс алуын қалпына келтіретін және бұлшық еттерін босаңсытатын жаттығулар жасату.
Бұлшықеттерді созу жаттығуы



2 минут




Оқушылардың жаттығу кезіндегі қимылын бақылау.






Спортшыларға сабақтың қалай өткендігі туралы өзінің пікірін білдіру, бағалау

2 минут



Қателіктерді және дұрыс жасалған жұмыстарды айту



8-10 ұпай өте жақсы
6-8 ұпай жақсы
1-6 ұпай талпын



Үйге тапсырма беру
Оқушылармен қоштасу

1 минут

Жеңнен және белдіктен ұстап жамбасқа салып лақтыру





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет