Дәріс №1 Тақырыбы: Жүйелер теориясына кіріспе



бет1/3
Дата18.11.2023
өлшемі50,44 Kb.
#124702
  1   2   3

Дәріс №1

Тақырыбы: Жүйелер теориясына кіріспе


Есептеу техникаларын кеңінен қолданбай және әртүрлі бағытта ақпараттық жүйелерді құрусыз қазіргі кезеңдегі адам кызметінің әртүрлі аяларының дамуы мүмкін емес. Осындай жүйелерде ақпараттарды өндеу дербес ғылыми-техникалық бағытқа айналды.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) қоғамдық өндірістің бет-бейнесін, еңбек жағдайын, сипаты мен мазмұнын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамдық еңбек бөлінісін өзгертеді, өндіргіш күштердің шапшаң өсуіне мүмкіндік береді, адамдардың мәдениетін, тұрмысын, психологиясын, қоғамның табиғатпен өзара қатынасын қоса алғанда, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал етеді, ғылыми-техникалық ілгерілеуді (FTІ) күрт жеделдетуге әкеледі.
ҒТІ символына айналған, электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) жасалып, кеңінен қолданыла бастады. Олардың пайда болуы өндіріс үдерісіндегі адамның жағдайы мен рөлін өзгертетін, өндіріс пен басқаруды кешенді автоматтандыруға бірте-бірте көшудің басталуымен байланысты.
ҒТІ-нің бірнеше басты ғылыми-техникалық бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
  • өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді автоматтандыру;
  • энергияның жаңа түрлерін ашу және пайдалану;
  • жаңа конструкциялық материалдар жасау және қолдану.

  • Өндірісті автоматтандыру - бұл бұрын адам орындаған басқару мен бақылау функцияларын аспаптарға және автоматты құрылғыларға беретін машиналық өндірісті дамытудағы үдеріс.
    Өндірісті автоматтандырудың мақсаты өндірістің бүкіл қорларын оңтайлы пайдалану үшін еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау болып табылады.
    Аса күрделі (үлкен) жүйелердің пайда болуы қоғамды дамытудың сипатты үдерістерінің бірі болып саналады. Мұның негізгі себептері мыналар: халық шаруашылығында қолданылатын техникалық құралдардың үздіксіз ұлғая түсіп отырған күрделілігі; техникалық және сол сияқты ұйымдық жүйелердің (кәсіпорындар, сала, мемлекет және т.б.) басқару сапасын арттыруға деген қажеттілігі; кәсіпорындардың мамандануы мен бірігуінің кеңейе түсуі - халық шаруашылығын дамытудың негізгі үдерістері.

Жай жүйелерді жобалаудың дәстүрлі тәжірибесінен өзгешелігі – ірі автоматтандырылған, технологиялық, энергетикалық, аэроғарыштық, ақпараттық және өзге күрделі кешендерді әзірлеу кезінде, элементтердің атқарымдық функционалдану қасиеттері мен заңдарын қарастырумен байланысты - аздау, ал ең жақсы құрылымдарды таңдаумен, элементтердің өзара әрекетін оңтайлы ұйымдастырумен, олардың атқарылымының оңтайлы режимдерін анықтаумен, сыртқы ортаның әсерін ескерумен және т.б. байланысты - көбірек проблемалар туындайды. Жүйелердің күрделене түсуімен байланысты осы кешенді жалпы жүйелік мәселелерге барған сайын маңыздырақ орын беріледі.
ҒТІ қарқыны халық шаруашылығының барлық аялары мен салаларында жобалау, жоспарлау мен басқару үдерістерінің күрделенуін туғызады. Салалардың дамуы мен олардың бір-біріне өзара ықпалының күшеюі, кәсіпорынның, бірлестіктің, саланың және т.б. жобалау, өндіру және пайдалану, жоспарлау мен басқару кезінде шешімдер қабылдау жағдайларында қарастырылатын мүмкін нұсқалар санын арттыруға әкеледі. Осы нұсқаларды талдай отырып, әртүрлі білім салаларындағы мамандарды тарту, олардың арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара түсіністікті ұйымдастыру қажет.
Осылардың барлығы, үлкен жүйелерді талдауға, жаңа жүйелік көзқарастың пайда болуына әкелді. Олар көбінесе толық сипаттауға көне бермейді және олардың әрбірі сондай-ақ жекелеген атқарымдық ішкі жүйелер арасында көпқырлы байланыстарға ие болатын олардың әрбірі, сондай-ақ үлкен жүйе болып көрінуі мүмкін. Арнайы теория - жалпы (абстрактылы) жүйелер теориясы — жүйелік көзқарастың негізі болып қаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет