«Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттілік өте ертедегі уақыттан әртүрлі физикалық табиғат объектілері үшін пайда болды: сол кездің өзінде-ақ Аристотель, тұтастық (яғни, жүйе - авт.) - оны құраушы бөліктердің қосындысы ғана еместігіне назар аударды. Нақтылай айтқанда, «жүйе» терминіжәне онымен байланысты кешенді, жүйелік көзқарасты философтар, биологтар, психологтар, кибернетиктер, физиктер, математиктер, экономистер әртүрлі мамандықтардағы инженерлер зерттейді және солар ой елегінен өткізеді. Осы терминді пайдалануға деген қажеттілік математикалық өрнекпен әлденені көрсету, бейнелеу, көзге елестету мүмкін болмаған жағдайларда туындайды және бұл үлкен, күрделі, бірден толық түсінікті (анық емес) емес және тұтас, бірыңғай болады. Мысалы - «күн жүйесі», «станокты басқару жүйесі», кәсіпорынды (қаланы, өңірді және т.б.) ұйымдық басқару жүйесі, «экономикалық жүйе», «қан айналымы жүйесі» және т.б.
Математикада жүйе термині математикалық өрнектер немесе ережелер жиынтығы - «теңдеулер жүйесін», «санау жүйесін», «өлшемдер жүйесін» және т.б. бейнелеу үшін пайдаланылады. Осы жағдайларда «жиын» немесе «жиынтық» терминдерін пайдалануға болатын сияқты болып көрінеді. Бірақ жүйелер ұғымы реттілік, тұтастық, белгілі бір заңдылықтардың болуын атап көрсетеді.
Жүйелік түсініктерге деген қызығушылық, ыңғайлы жинақтаушы ұғым ғана емес, сонымен бірге үлкен анықталмағандық пен есептердің қойылым құралы ретінде де көрінеді.
Өндірістік үдерістердің күрделіленуі мен ғылымның дамуына қарай, дәстүрлі математикалық әдістердің көмегімен шешілмеген және есептердің қойылым үдерісінің өзі барған сайын көбірек орын ала бастаған есептер пайда болды, эвристикалық әдістердің рөлі өсті, формальды математикалық модельдердің бара-барлығын дәлелдейтін эксперимент күрделенді.
Осындай есептерді шешу үшін математиканың жаңа бөлімдері әзірлене бастады; практикалық ееептерге жуықтатылған математикалық әдістер дербес қолданбалы математика ретінде қалыптасты; есептердің қойылымын осы шешу кезеңіне тең деп танитын шешімдер қабылдау ұғымы содан кейін оның бағыты пайда болды.
Бірақ есептерді қою құралдары жаңа бағытты қамтымады, өйткені дамудың көп ғасырлық тарихы С. Лемнің бейнелеп айтуы бойынша «математиктер, мәнді қолдануды өз ойларының қарастыру шегінен шығарып тастады», яғни есептердің қойылу құралдарын әзірлеуді математиканың функциялары емес деп санады.
Есептердің қойылу үдерістерін, күрделі жобаларды әзірлеу үдерісін зерттеу адамның негізгі рөліне назар аударуға мүмкіндік берді: адам тұтасты қабылдаушы, проблемаларды бөліктеу, жұмыстарды бөлу кезінде тұтастықты сақтаушы, шешімдер қабылдау өлшемдері, құндылықтары жүйесінің иесі болып саналады. Жобалау үдерісін ұйымдастыру үшін жобалауды ұйымдастыру жүйелері, әзірлемелерді басқару жүйелері және т.б. құрыла бастады.
«Жүйе» ұғымыбілімнің әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланыла бастады және ғылыми білімнің белгілі бір даму сатыларында жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты.