«Педагогика» 17 и 20 нету Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері



бет1/11
Дата18.04.2023
өлшемі28,67 Kb.
#83835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
пед экз


«Педагогика» 17 и 20 нету



  1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері.

Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:- гуманистік сипаты;- ұжымдық сипаты;- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;- шығармашылық сипаты;- қарым-қатынас жүйесінде болуы;- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

  1. Жаңа типтегі мектептердегі білім берудің мазмұны

Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Көпшілігі жаратылыстану, ғылыми, гуманитарлық, эстетикалық бағыт болып келгенмен техникалық, педагогикалық бағдарламалар да бар. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан-жақты жетілуіне толық мүмкіндік ашады, онда пәндер терең оқылады. Гимназиялардың материалдық негізі базасы жақсы болу керек. Оқушылар саны жоғары сыныпта 15-18, төменгі сыныпта 25. Гимназияға шәкірттерді қабылдаудың үш өлшемі:интеллект;• білім іскерлігі және дағдыларын тәжірибеде күрделі мәселелерді шешуде пайдалана білу;• тыңғылықты және толассыз пайдалы еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелеп, жүйелі оқып үйренуге, ізденуге қабілет.

  1. Сабақтың типтері, құрылымы.

Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):1. Жаңа білімді игерту.2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет