Дәріс №1 Тақырыбы


Дөңгелекауыздылардың систематикасы мен экологиясы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата07.01.2022
өлшемі392,46 Kb.
#19457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
                  Дөңгелекауыздылардың систематикасы мен экологиясы 

Дөңгелекауыздылар аздап балыққа ұқсайтын осы кезде тіршілік ететін 

омыртқалылардың  ішіндегі  өте  қарапйым  құрылысты  жануарлар.  Олар 

теңіздерде  және  басқа  да  суларда  тіршілік  етеді.  Осыған  сәйкес  олардың  

жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделінген өзіндік 

белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілік әрекетіне қарағанда, олар балықтарға 

ұқсас,  ал  кейбір  ерекше  белгілері,  оларды  омыртқалылардың  ерекше 

тармағына  жатқызады.  Дөңгелекауыздылардың    аяқтары  мен  жақтары 

болмайды.  Мұның  өзі  олардың  құрылысының  қарапайым  екенін  көрсетеді. 

Иіс капсуласы біреу, бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек 

аппараты  эндодермадан  пайда  болған  жапырақшалары  бар  желбезек 

қапшықтарынан  тұрады.  Сондықтан  бұл  класты  қапшық  желбезектілер  деп 

атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш варонкаларының түп 

жағында  ауыз  тесігі  болады.  Дөңгелекауыздылар  деп  аталуы  да  осыған 

байланысты.  Олардың  мүйізді  тістері  болады,  терісі  жалаңаш,  бірақ  оның 

бездері соншалықты көп болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет