кешенді құрылып бітпеген қоғамдық геграфиялық ғылымдар – мәдениет географиясы, этногеография, тарихи география, саясат географиясы, т.б.
Теориялық географиялық ғылым жүйесі – математикалық география, теориялық (метагеография) география, т.б.
Бұлар жалпы заңдылықтарды зерттейді және географиялық зерттеу әдістемелерін анықтайды.
Қосымша географиялық ғылым жүйесі – картография, карта тану, топография.
Кешенді физикалық география ғылым жүйесі зерттеу обьектісінің (геосфераның абиотикалық бөлігі) компоненттеріне (литосфера, гидросфера мен атмосфера) байланысты. Бұл үшеуі бірігіп «некросфера» деген бір ұғымды құрайды.
Литофералық география ғылымдарының жүйесіне кіретін пәндер – геморфологиия, орография, карсттану,спелология (соңғы үшеуі геоморфологияның бөлімдері). Олар геолоия, литология, геофизика, геохимия, вулканология, т.б. ғылымдармен өте тығыз байланысты.
Гидросфераны гидрология ғылымы зерттейді. Ол үш саладан: теңіз гидрологиясы, океанология, құрлық гидрологиясынан тұрады. Мұнан әрі зерттеу нысанасы (обьектісі) мен тақырыбына қарай бөлшектене береді: лиманология, гидрография, океанография, гидрогеология, гляциология, т.т.
Атмосфераны географиялық ғылым жүйесіне жататын климатология (агроклиматология, аэроклиматология, динамикалық және кешенді климатология) мен оған тығыз бафланысты метеорология, аэрология, агрономия сияқты пәндер зерттейді.
Палеогеография және тарихи география деген пәндер бөлініп шығады.
Әлеуметтік-экономикалық география ғылымы жүйесін топтастыру компоненттік принципке негізделген. Оған халық, табиғат ресурстары, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, мәдениет, білім, сауда, қызмет көрсету географиясы, т.б. енеді. Осы топқа кешенді ғылым бағыты – елтану, өлкетану пәндерін де кіргізуге болады.
Аграрлық пәндерге – медициналық-ветеринарлық география, соғыс географиясы, т.б. жатады.