Дәріс 11-12 Тақырыбы: Математика мұғалімнің жетекшілігімен және өздігінен орындалатын жұмыстар. Математикалық өзіндік жұмыс туралы түсінік



Дата25.05.2022
өлшемі23,69 Kb.
#35583

Дәріс 11-12
Тақырыбы: Математика мұғалімнің жетекшілігімен және өздігінен орындалатын жұмыстар. Математикалық өзіндік жұмыс туралы түсінік.
Мақсаты:Алматы облысының кейбір аудандарындағы Шағын жинақталған мектептерді анықтау
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

  1. Алматы облысындағы Шағын жинақталған мектептер

  2. Алматы облысы бойынша Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру

Шағын жинақталған мектептер (ресурстық орталық).
Облыста 245 (33,4%) шағын жинақталған мектепте 20176 бала немесе барлық оқушылардың 6,4% оқиды. Оның ішінде 244 мектеп ауылды жерлерде орналасқан.
Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 8 тірек мектебі құрылған.
- 2011 жылы 2 тірек мектебі (Ақсу ауданы Сиқымов атындағы ОМ және Жамбыл ауданы Ынтымақ ОМ);
- 2012 жылы 2 тірек мектебі (Кербұлақ ауданы Малайсары ОМ және Балқаш ауданы Ақкөл ОМ);
- 2013 жылы 3 тірек мектебі ашылды (Райымбек ауданы Тасашы орта мектебі, Талдықорған қаласы №21 орта мектеп және Қапшағай қаласының №7 орта мектебі).
- 2015 жылы 1 тірек мектебі ашылды (Сарқан ауданы Алмалы ауылы Новопокровка орта мектебі).

«Алматы облысы білім басқармасының» 2012 жылғы 1-ші қыркүйектегі Кербұлақ ауданының мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жөніндегі мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша барлығы 51 мектеп бар.


Шағын жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес 1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне, жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Алматы облысы бойынша Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;
Дәрісте талданатын сұрақтар:

  1. Алматы облысының Шағын жинақталған мектептері;

  2. Алматы облысы бойынша ШЖМ-гі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

Өзіндік жұмысқа тапсырма: Алматы облысы Кербұлақ ауданының Шағын жинақталған мектептері туралы ақпарат жинау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет