Дәріс №12 Тақырыбы: Гидравликалық кедергілер. Жоспар



Дата06.02.2023
өлшемі86,95 Kb.
#65543

Дәріс № 12
Тақырыбы: Гидравликалық кедергілер.
Жоспар:



  1. Гидравликалық кедергілер түрлері

  2. Құбырларда ағын шығыны.

  3. Дарси-Вейсбах теңдеуі. Никурадзе графигі.

  4. Жергілікті кедергілер.

  5. Жергілікті шығындарының түрлері



Дәріс мәтіні


Гидравликалық кедергі — сұйықтықтардың құбырмен, каналмен ағуы кезінде олардың тұтқырлығы әсерінен туындайтын кедергі. Ол сұйықтық ағынының ұзына бойында туатын бойлық және жергілікті кедергі болып бөлінеді.
Бойлық гидравликалық кедергі сұйықтық молекулаларының өзара үйкелісі және сұйықтықтың ыдыс қабырғасымен үйкелісуінен, ал жергілікті гидравликалық кедергі ағын түріне тәуелді пайда болатын сұйықтық деформациясы (мыс., ағыстың күрт кеңейіп не тез тарылуы кезінде, ағыс бағыты өзгергенде, құбыр бойына ысырма немесе шүмек орнатылғанда) нәтижесінде пайда болады.
Түзу әрі ұзын су арналарында (құбырларда, каналдарда) негізінен бойлық Гидравликалық кедергі басым түседі.
Жергілікті Гидравликалық кедергі негізінен иіндері коп, жапқыш және т.б. жабдықтар жиі орнатылған құбырларда (үйді сумен қамтамасыз ететін не сорғы станциясы) болады.
Арын шығындарын есептегенде жалпы арын шығынды кедергілерінің әр түрлерінің қосындысы деп қарастырады.


Теңдеуге кіретін шығындарының әрқайсысын анықтау үшін суретті талдайық.



Сурет 25. Ұзындық бойындағы арын шығынын анықтау.

Дөңгелек құбырдағы сұйықтың ламинар ағындағы арын шығындарын анықтайтын Пуазейль теңдеуі:


Дөнгелек құбырларда үйкеліс салдарынан арын шығындар шамасын табу Дарси-Вейсбах теңдеуі:




Гидравликалық кедергісі коэффициентінің түрлі факторлардан тәуелділігі.
1932 ж. Никурадзе түрлі факторлардың λ коэффициентіне әсерін зерттеуге бірқатар тәжірибелерін орындаған. Тәжірибелерінің нәтижесінде λ коэффициентінің Рейнольдс санына және кедір-бұдырлығына тәуелділігін көрсететін графигі жасалған.
нн

Сурет 26. Никурадзе графигі




Жергілікті кедергілер және арын шығыны.
Сұйықтар құбырлар мен арналар арқылы аққанда оларға құбыржолдың бойымен орналасқан жалғастырғыштар, бұрылыстар, крандар, вентильдер, ысырмалар және т.б. ағынға кедергі жасайтыны анық. Сонымен, сұйық ағынының жылдамдықтың немесе бағытының өзгеруін, немесе жылдамдық пен бағытының бірге өзгеруін тудыратын кедергілері жергілікті кедергілері деп аталады.
Мысалы, диаметрлері әр түрлі екі құбырлар қосылса.
Сурет 27. Құбыр кенеттен ұлғайғанда арын шығындарын анықтау.

Егер құбыржолдар бағытын өзгеретін қысқа учаскелерінен құрылған болса, онда жергілікті кедергілерінің салдарынан арын шығындары өте жақсы сезіледі. Мұндай құбыржолдар автомобиль, трактор, ұшқыш майлау жүйесінде, тұрғын және өндірістік ғимараттарының су тарату жүйесінде кездеседі.


Бақылау сұрақтары.


1. Арын шығындары қай гидравликалық кедергiлер салдарынан болады?
2. Дарси-Вейсбах теңдеуiн жазыңыз.
3. Жергiлiктi кедергiлер деген не?
4. Жергiлiктi кедергiлер коэффициентi деген не?
5. Құбыр кенет ұлғайғанда шығын мөлшерi қалай табылады.
6. Шығын модулi ненi бiлдiредi?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет