Дәріс 14 Биология сабағында сандық бағдарламаларды тиімді қолдану



бет1/2
Дата02.05.2023
өлшемі18 Kb.
#89146
  1   2
Байланысты:
БЦТ лекция 14 (2)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Wordwall

Дәріс 14
Биология сабағында сандық бағдарламаларды тиімді қолдану

ХХІ ғасыр адамының ерекшеліктерін, қазіргі қоғамның дамуы үшін ақпараттың маңыздылығын, сонымен қатар идеялар мен адам қызметінің өнімдерінің тез өзгеруін ескере отырып, адамдарға үздіксіз білім берудің объективті қажеттілігі туралы айтуға болады. Бүгінгі күні білім беру ашық бола түсуде, оның әлемдік жетістіктерін біріктіру тенденциясы байқалады. Киберкеңістіктің дамуына байланысты білім көздері мен білім беру технологияларының саны көбейіп келеді, соның бірі – сандық білім беру.


Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырудың негізгі алғы шарттары - «оқытудан» «білім беруге» көшу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту жеке тұлғаға бағытталған, ашық білім беруге көшу; білімді жинақтау мен жүйелеуде, оқушыларға білімді беру үдерісінде сандық білім ресурстарын пайдалану. Әлемдік тәжірибеде сандық білім беру қазiргi бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады.
Сандық білім беру – ол қазіргі заман талабы. Сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы – сабақтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзін тиімді пайдалану. Сандық білім беру ресурстары - бұл сандық формада ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, динамикалық үлгілер, виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесінде ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары.
Сандық білім беру ресурстары:
— оқытудың заманауи түрлеріне бағытталған, білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін, көрнекі құралдардың кең ауқымын қолдану арқылы жоғары интерактивтілікті және оқушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардың жаңа түрлері үшін;
— оқушылардың әр түрлі қызмет салаларында (коммуникативті, танымдық, бағалық, тәжірибелік) мәселелерді дербес шешуге қабілеттілігімен сипатталатын құзыреттілігі - жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағыттану үшін;
— деңгейлі саралау мен оқытуды даралау мүмкіндігін (бұл пәндік дағдыларды қалыптастыру деңгейіне де, зияткерлік және жалпы дағдыларға да қатысты) қамтамасыз ету үшін;
— оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын және оқушылардың мәдени тәжірибесіндегі айырмашылықтарды ескеру үшін;
— әртүрлі формада (графиктер, кестелер, әртүрлі жанрлардың композитивті және түпнұсқалық мәтіндері) берілген ақпаратпен жұмыс жасалуына бағытталу үшін және ең алдымен стандартты емес шешімдерді талап ететін жұмыстарына бағытталу үшін;
— оқушылардың өз іс-әрекеттеріне стратегияларды таңдауды талап ететін тапсырмаларды (ең алдымен, тестілік тапсырмаларды) орындауға тәжірибе жинақтау ушіненгізілген.
Сандық білімді биология сабағында тиімді қолданудағы негізгі мақсат: - білім алушылардың мәліметтермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ықпал жасау. Сандық білімді қолдану барысында әр жеке тұлғаның биология пәні бойынша білім-білік сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі. Мысалы: биология сабағында сандық білімді қолданудағы негізгі бағыттар: электрондық оқыту, виртуалды тәжірибелер, тақырыпқа сай ақпарат іздеу, түрлі сайттар арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заманауи үлгіге сай тақырыпқа сай бейне, аудио жазбаларды қолдану білім алушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, тарауларды қорытындылау кезінде білім алушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Осыған орай сабақтың кез келген бөлімінде «Wordwoll» платформасы тиімді болып табылады. Wordwall - білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі-білім алушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін әмбебап оқу ресурсы!
Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисін қолдану төмендегідей мақсатты көздейді:
—ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
— алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.
— оқу мотивациясын арттыру;
—танымдық белсенділігін дамыту;
— сабаққа дайындық кезінде білім алушылардың дербестігін ынталандыру;
— білім беру сапасын арттыру;
— оқу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру.
Осы ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, интерактивті немесе баспа жаттығуларын жасау арқылы оқуды саралау мен жекелендіруді ұйымдастыруға болады. Wordwall - интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Интерактивті жаттығулар Интернетке қол жетімді кез-келген құрылғыда ойнатылады: компьютерде, планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада. WordWall қызметінің артықшылықтарының бірі- бағдарламада көптеген тілдерде түсінікті пайдаланушы интерфейсі бар. Ең жиі пайдаланылатын шаблондар, мысалы, жаттығулар, лексикалық дағдыларын жатқызуға болады. Сонымен қатар ойын үлгілері: "Салыстыру", "толық жазу", "Диаграмма мен этикеткала", "Кездейсоқ картасы", "Кездейсоқ колесо", "Анаграмма", "Құрастыру" жұп, "Виселица", "Сөзжұмбақ" т.б. бар. Үй тапсырмасын жасау үшін Wordwall қызметі бұрыннан жасалған мазмұнды қол жетімді баспа формасына жедел түрлендіруді қолдануды ұсынады. Бұл өте ыңғайлы, өйткені ол уақытты айтарлықтай үнемдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет