Дәріс №14 Тақырыбы: Белгілі тақырыпқа арнап ауызша, жазбаша бақылау әдістері және тестік технологияны пайдаланып тапсырмалар дайындау



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі130,59 Kb.
#138289
  1   2

Дәріс №14
Тақырыбы: Белгілі тақырыпқа арнап ауызша, жазбаша бақылау әдістері және тестік технологияны пайдаланып
тапсырмалар дайындау
Білімді бақылаудың негізгі мақсаты — оқушылардың білім алудағы жетістіктерін анықтау, білімін тереңдету және болашақта оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке қосылудың алғышарттарын жасау. Бұл мақсат ең алдымен оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтаумен тығыз байланысты. Екіншіден басты мақсаттың айқындылығы өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды қабылдауды үйренумен және өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау қажеттілігін қалыптастырумен байланысты. Үшіншіден, бұл мақсат оқушылардың орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру тәрізді жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуді жоспарлайды.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады.
Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне төмендегілер жатады:
• Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны өткізудің жолдарын анықтайды.
• Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.
• Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.
Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін - өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады.
• Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін
анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
• Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік тудырады.
Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы
мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар: қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша өткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша)бағалау болып табылады
Бағалау түрлер

Бақылаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар, олардың ішінен ең негізгілері: ауызша мен жазбаша тексеру. Ауызша тексеру. Бақылаудың мақсаты мен тексерілетін материалдың мазмұнына байланысты ауызша тексеру әр түрлі ұйымдастырылады. Тексеруге қойылған мақсаттар арасынан мыналарды бөліп алуға болады: үй жұмысының орындалуын тексеру, жаңа материалды игеруге дайындықтарын анықтау, түсініктілік және жаңа материалды игеру дәрежесін тексеру. Мазмұнына байланысты тексеру алдынғы өткен сабақ бойынша немесе бөлек бөлімдер және тақырыптар бойынша жүргізіледі. Ауызша тексеру әдісінің екі негізгі бөлімі бар: – тексеру сұрақтарын және олардың тапсырмаларын құрастыру; – қойылған сұрақтарға оқушының жауабы. Тексеру сұрақтары мен тапсырмаларды құрастыру — ауызша тексерудің басты элементі болып табылады. Сұрақтардың сапасы олардың мазмұнымен, оқушының жауап беру кезінде ақыл-ой әрекетімен немесе сөйлеу мәнерімен анықталады. Сұрақтардың сапасы оқушылардың жауап беру кезіндегі ақыл-ой әрекетінің мінезімен анықталады. Сол үшін тексеру сұрақтарының ішінен есте сақтау қабілетін (оқылғанды бейнелеу), ойлануын (жалпыландыру, салыстыру үшін), тіл байлығын белсендендіретін сұрақтарды ерекшелеп алады. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануда проблемалық сұрақтардың мәні зор. Дидактикалық әдебиеттерде оқушылардың білім сапасын анықтаудың екі шарты ерекшеленген. – оқушыға ешкім кедергі келтірмейді (көпшілік және мұғалім жауаптарды кейін талқылайды) – оқушылардың интеллектуальды күшінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орта құру. Оқушыны бағалау кезінде жауаптардың дұрыстығына, толықтығына, сөйлеу мәнеріне және мазмұндық жүйелілігіне мән беріледі. Сабақтың кез-келген кезеңінде ауызша тексерудің түрлері қолданылады. Қай түрін қолдану сабақтың маңыздылығы мен логикасына байланысты таңдалады. Екінші кең қолданатын бақылау әдісі жазбаша-графикалық жұмыстарды тексеру болып табылады. Бұл әдістің өзінің сапалық ерекшеліктері бар: ауызша тексеруге қарағанда мынадай ерекшеліктері бар: уақыттың үнемделуі, тексерілетіндердің барлығын қамтиды. Жазбаша жұмыстар: – теориялық материалдар бойынша білімдерді тексеру; – оны есеп шығаруда қолдана білу; – қалыптасқан біліктерді бақылау үшін қолданады. Жазбаша — графикалық әдістердің негізгі 4 кезеңі бар: дайындық, ұйымдастыру, өткізу, нәтижелерді талдау. Дайындық кезеңінде: бақылаудың мақсатын бөліп алу, бақылау объектісінің мазмұнын бөліп алу, бақылау тапсырмаларын құру. Бұл кезеңде оқу-әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұмыстарының үлгілері көмектеседі.
Жалпы алғанда, жаңа критериалды бағалау жүйесі үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіреді және білім беру сапасын арттырудағы нақты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған басымдық пен анық критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі: – оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және анық бағалауға жетуіге; – оқу, оқыту және бағалауды жетілдіру мен интеграциялауға бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру механизмдерінің реттілігін қалыптастыруға; – бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары деңгей дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін; – оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсер етуге (оқуға деген ынтасын, өзін-өзі реттеуін, жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арттыру); – тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық негізді ұсынуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны, яғни, тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылымды қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда ауызша және жазбаша әдістерінен басқа оқыту сапасын арттыруда әртүрлі ойын әдістері қолданылады. Оларға: «Бір сөйлеммен түйіндеу»,«Графикалық органайзерлер», «Дарабоз», «Динамикалық шеңбер», «Домино», «Еркін жазу», «Жаңалық ашамыз», «Күтіңіз және түйіндеңіз»,«Қатені тап», «Құпиясы жоқ қабырға»,«Минуттық шешім», «Ой күмбезі», «Парасатты диалог», «Пікірлер базары» «Маңыздылық аймағы»,«Хикая картасы», «Стоп кадр», «Сиқырлы ұяшық», «Кейс-стади» және тағы басқаларын жатқызуымызға болады. Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылған әдістерді пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға үйретеді, оқушыларға мүмкіндік жасалынады және мұғалімнің сәтті таңдалған бірнеше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объективті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет