Ғылыми-техникалық прогресс ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы



Дата17.04.2023
өлшемі19,08 Kb.
#83333
түріСабақ

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдердің ҒТР дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90 жылдардан бастап ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заман тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технология мен қызмет түрлеріне деген сұраныс қамтамасы етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет өте мол қаржыны қажет еткендіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр.
Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дің құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.
Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.
Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғылыми-техникалық және әлеуметтік сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.
Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-техникалық жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғылыми ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысының, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-техникалық бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.

Алайда ғылыми-техникалық революцияның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып саймайды. ғылыми-техникалық революция дегеніміз өндірістің бүкіл техникалық базисін, бүкіл технол. тәсілдерін қайта құруды ғана білдіреді. ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің техникалық құралдары мен тәжірибелері кешенінің (техника), материалдық игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) және практикалық іс-қимылдар мен әрқилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (басқару) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды.


Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мысалы, табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді.[1][2]

ҒТР-дің басты белгілері мен құрамдас бөліктері


ҒТР-дің басты белгілері мыналар:
әмбебаптық,ауқымдылық;
ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделденуі;
өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;
әскери-техникалық революция.
Ғылым мен білім адамзат өркениетті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларды Ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дің әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез-келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.
ҒТР шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлқына үлкен өзгерістер әкеледі.
Қазіргі ҒТР күрделі жүйе және ол өзара әрекет етуші төрт бөліктен тұрады:
Ғылым.
Техника мен технология.
Өндіріс.
Басқару.
Ғылым ҒТР-дің негізі болып табылады. Іргелі ғылымдардың дамуынсыз алға басу мүмкін емес. Ғылымның дамуы ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығынның ұлғаюымен, экономиканың дамуынмен байланысты. Сондықтан барлық дамыған елдер ғылымның өркендеуін белсенді түрде қолдап отыр.
Техника мен технология ҒТР-дің екінші құрамдас бөлігі болып табылады. Олар өндірістің тиімділігін арттырады. Техника мен технология екі жолмен дамуда: эволюциялық және революциялық.
Революциялық ілгерілеу өнеркәсіп пен көлікте электр энергиясын қолданумен қатар жүзеге асты. Радио ойлап табылды. Адамзат атом энергиясын меңгерді. Кибернетиканың пайда болуы маңызды болды. Ғылымның зор мүмкіндіктері мен оны практикада пайдалануға адамзаттың көзі жетті.
Эволюциялық жол техника мен технологияның үнемі жетілдірілуінен тұрады (машина мен құралдарының өндіргіш қуатының артуы, көлік құралдарының жүккөтергіштігінің өсуі).
Ал революциялық жол ҒТР-дегі техника мен технологияның негізгі даму бағыты болып табылады. Бұл жаңа техника мен технологияға көшумен анықталады. Мұндай көрініс электрондық техника өндірісінде орын алады. Қазіргі заманда жаңаша технологияға көшу үлкен маңызға ие.
Өндіріс ҒТР-дің үшінші құрамдас бөлігі болып саналады.
ҒТР-де өндіріс мынадай басты бағыттар бойынша дамыды:
Электрлендіру, бұл дегеніміз - адамзат қызметінің барлық салаларын электрондық-есептеу техникаларымен қамту. Электрлендіру білім беруге, денсаулық сақтауға және адамның күнделікті өміріне қарқынды енуде. Ең үлкен ЭЕМ паркіне ие елдер: АҚШ, ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея.
Кешенді автоматтандыру әртүрлі электрондық-механикалық манипуляторлардың пайда болуымен байланысты. ХХ ғасырдың 50-жылдары ЭЕМ пайда болса, 70-жылдары микро ЭЕМ мен микропроцессорлар қолданысқа енді, роботты қолданудың жаңа заманы басталды. Әлемде барлық өнеркәсіптік роботтардың саны ХХІ ғассырда 800 мыңға жетті. Өнеркәсіпітк робот жасайтын белгілі парктер: Жапония, АҚШ, ГФР, Италия, Франция.
Энергетикалық шаруашылықты қайта құрылымдау - электрмен қамтамасыз етуге негізделген, жаңа энергия көздерін кеңінен қолдана отырып, отын-энергетикалық балансты жетілдіру. Бұл сала АҚШ, Жапония, ГФР, Ресейде жақсы дамыған.
Жаңа материалдар өндірісі. Ескі конструкциялық материалдарға қойылатын талаптар, композитті, жартылай өткізгіш, керамикалық және ХХ ғасырдағы жаңа материалдардың пайда болуы (литий, берилий, титан) алға қойылды.
Биотехнологияның дамуы. ХХ ғасырдың 70-жылдары пайда болып, әлемде 80-90 жылдары биотехнологиялық революция басталды. Бұл ҒТР-дің ғылымды көп қажет ететін салаларының пайда болуы мен дамуына әкеледі, ол Жапония, АҚШ, Германия, Францияда табысты дамуда.
Ғарыштану. Аэроғарыштық өнеркәсіпте жаңаша ғылымды қажет ететін космонаавтиканың дамуы қарқынды түрде қолға алынды. Ғарыштың игерілуімен адамзат жерге жақын кеңістікті табысты игеріп, ғаламшар экологиясына біршама мұқият қарайтын болды.
ҒТР төртінші құрамдас бөлігі - басқару.
Басқаруда әлемдік жоғары ақпараттық кеңістік жұмыс жасайды. Интернеттің рөлі үлкен. Бұл бағыт географияда геоинформатика деп аталады. Геоинформатиканың дамуы геоақпараттық жүйелердің құрылуына алып келеді.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс үшін революциялық және эволюциялық өзгерістердің кешенді үйлесу сипаты тән.



ҒТР дамыған елдерді жаппай тұтыну кезеңіне алып келді. Бір реттік пайдалану заттары қазіргі адамның қолдануына ыңғайлы болып жатыр. Бұл қолайлылықты туғызғанмен, қоршаған ортаға қосымша жүктемені арттырды (мысалы, бір рет пайдалануға жарамды пластикалық шөлмектер, олар табиғи жағдайда шірімейді, ұзақ уақыт қоқыс орындарында жатады). ҒТР жүйелілігі мен кешенділігі өнім өндіру үдерісінің қайта құрылуына ықпал етеді. Өндірістік үдеріс біртіндеп тұтас технологиялық жүйенің нысаны бола алады. Үстіртін бақылаулар өндірістің бірыңғай уақыттық акт емес, үздіксіз үдеріс екенін көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет