Сабақ жоспарында жоспарланған әдістер оқу мақсатына жетуді қамтамасыз етеді. Сондықтан сабағымның мақсатына жету және сабақ барысында барлық оқушыларды оқуға
Слайд 1 Қайырлы күн әріптестер! Менің аты жөнім Онгарбекова Майра Шермуханбетовна Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.Назарларыңызға 11 сыныпқа арналған физика сабағын жоспарлау үдерісінің рефликсиясын ұсынамын.Сыныбымда 15 оқушы бар.Сыныптағы оқушылардың арасында 5 оқушы ынтасы жоғары оқушылар қатарына,ал 1 оқушы ерекше білімді қажет ететін оқушы қатарына жатады. «Білім беру ұйымдарында психологилық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес менің сыныбымдағы ерекше білімді қажет ететін оқушы әлеуметтік-психологиялық кедергілер бар (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық немқұрайлылығы қиындығына тап болған балалар қатарына жатады.) Сыныбымдағы барлық оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып «Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы» тақырыбы бойынша физика сабағын өткізуді жоспарлап отырмын. Сабағымның оқу мақсаттары үлгілік оқу жоспарына және 11 сынып,тақырыптық бөлім физика пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес келеді.Осы оқу мақсаттарын мен сабақтың мақсаты үшін нақтыладым.Сабағымның мақсаты SMART форматына және ойлау дағдыларының деңгейіне сай құрылуын да ескердім.Атап айтатын болсам сабағымның мақсаты Нақты-өйткені оқушыларға түсінікті Өлшемді- себебі оқушылар құбылысты түсіндіреді,есептер шығарады Қолжетімді-оқушылардың басым көпшілігі мақсатқа жету барысында қолданған ресурстар арқылы құбылысты толықтай түсіндіреді жәнен дәлелдер келтіреді,ал кейбірі құбылысты да түсіндіріп және есептер де шығарады Шынайы- сабақтағы қолданған ресурстарым мақсатқа жетуге бағытталған және сабақ барысында ерекше білімді қажет ететін оқушының да қажеттіліктерін есеріп отырамын Уақытпен шектелген- себебі 45 минут ішінде нақты жоспарланған мақсатқа жетуді жоспарлап отырмын
Слайд 2 Сабақ жоспарында жоспарланған әдістер оқу мақсатына жетуді қамтамасыз етеді.Сондықтан сабағымның мақсатына жету және сабақ барысында барлық оқушыларды оқуға тарту үшін сабақтың әр түрлі кнзеңдерінде келесі әдіс тәсілдер мен жұмыс формаларын қолдануды жоспарлап отырмын.Сабақ кезеңдерінде оқу мақсатына жетуге бағытталған топтық,жұптық және жеке жұмыс түрлерін жүргізуді де жоспарлап отырмын. Атап айтатын болсам жаңа сабақты ашу кезеңінде оқушыларға видеосабақ көрсетіп, «ДЖИГСО» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргіземін.Бұл әдіс арқылы оқушылар сабағымның мақсатына сай кернеулер резонансы құбылысын түсіндіріп оның қолданылуына мысал келтіреді.Ерекше қажеттілігі бар балаға видеотүсірілім бойынша резонанс шартын түсіндіріп топта белсенді жұмыс жасауына жағдай жасаймын. Бұл әдістің негізі мақсаты оқушыларға жауапкершілік арту,өз бетімен ізденуге жетелеу.Оқушылар тотық жұмысты «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша бағалайды. Сабағымның мақсатына және бағалау критериіне сай «Жұптас,ойлас,бөліс» әдісі арқылы оқушылар назарына жұптасып жұмыс жүргізуге функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар мен есептер беремін.Жұпта бірлесе отырып жұмыс жүргізу барысында ерекше қажеттілігі бар оқушының циклдік жиліктің формуласын дұрыс жазып және қарапайым есептерді шығаруын тексеремін Сабағымның мақсаты оқушыларға резонанс құбылысын түсіндіріп,есептер шығару болғандықтан сабақ барысында білу,түсіну және қолдану деңгейіне сәйкес дағдыларды қалыптастырамын.Сабақ барысында жеке,жұптық және топтық жұмыстар қарастырылғандықтан ерекше қажеттілігі бар оқушының назардан тыс қалмай топта және жұпта бірлесе жұмыс жүргізуін және жеке жұмыс барысында тапсырманың дұрыс орындалу алгоритмін құруына көмектесемін
Слайд 3 Cабақта жоспарлаған тапсырмаларым бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келеді.Мен ұсынып отырған сабақ жоспарым функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал ететін тапсырмаларды қамтиды. Функционалдық тапсырманың басты талабы пәндік саладан тыс және пәндік білімнің көмегімен шешілетін тапсырма болуы керек.Әрбір тапсырма оқушыға түсінікті және өмірге жақын жағдаяттарға негізделген болу керек. 1 Тапрсырмада жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескеріп оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығы мен оқу сауаттылығын дамытатын тапсырма ұсындым.Тапсырма бағалау критерийіне сай келеді 2 тапсырма екінші бағалау критерийне сай құрылды.Тапсырма құрылымдалған тапсырма,кезең кезеңмен орындауға арналған.Жаратылыстану ғылыми сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма.Тапсырманың соңғы бөлімінде оқушылар өмірмен байланысты жағдаят сұраққа жауап береді.Ерекше білімді қажет ететін оқушы а деңгейіндегі тапсырманы орындайды. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық тапсырмасы болғандықтан Құзыреттілігі бойынша құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіру Ғылыми білімнің түрлері мзмұнын білу Мәнмәтін бойынша ғылым мен техника саласындағы жаңа білім Танымдық деңгейі жоғары тапсырма қатарына жатады. Осындай сабақ жоспарын жоспарлау негізінде сабағымның мақсатына жетемін деп ойлаймын. Назарларыңызға рахмет