Дәріс №14 Тақырыбы: Мектеп гигиенасы



бет6/7
Дата11.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#137097
1   2   3   4   5   6   7
Парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда 3 қатардан, әр қатарға 6-7 партадан, жоғары сыныптарда көбінесе екі қатардан орналастырады. Шеткі парта мен қабырға арасы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парта мен тақта арасы 2,4-3 м, соңғы парта мен тақта арлығы 8 м болу керек.
  • Партада отыру ережесі: аласа бойлы балалар, нашар еститін, нашар көретін балалар алдыңғы қатарға отырғызылады.
  • Оқушы дұрыс отырғанда бел омыртқасы мен сегізкөз сүйектері, жауырынның төменгі ұштары орындық арқалығына тиіп тұрады және ұршық, тізе буындары тік бұрыш жасап бүгіліп табаны еденге немесе партаның аяқ қойғышына еркін тіреледі. Білектері үстелдің үстінде еркін орналасады. Партада дұрыс отырып үйренгенде ғана оқушылар сабақ кезінде шарашмай еркін отырады. Дұрыс отырмаса тез шарашап, сабаққа зейіні төмендейді.
    • Сынып тақтасы – алдыңғы қабырғаның дәл ортасында, бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныпта 95 см, жоғары сыныпта 100 см бйіктікте ілінеді. Ұзындығы 3 м, ені 1,2 м беті тегіс, бірақ жылтыр емес, түсі қоңыр немесе қою жасыл болады. Сурет, сызу сабағы өтетін сыныптарда қара түсті болады.
    • Тақтаның төменгі шетіне бор ұнтақтарын жинайтын жіңішке астауша болады.
    • Сыныпта көрнекі құралдар мен оқулықтар сақтайтын шкафтар болады. Олар ықшам болу керек және бөлменің артқы қабырғасына орналастырылады.
    • Мұғалімнің үстелі мен орындығы отырып тұруға ыңғайлы болғаны дұрыс.
    • Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасы кемінде 15-20 см болу керек.
    • Оқу-техника құралдары (теледидар, магнитофон, кодоскоп т.б.) бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаңды жинамайтын жағдайды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде арнайы бөлмеде сақтау керек.
    • Диафильмдерді 7-15 минут, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минуттан артық көрсетуге болмайды.
    • Зертханада 1 не 2 кісілік үстелдар мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі болады. Бір оқушыға 65-70 см кеңістік қажет.
    • Зертханалық үстелдің ұзындығы 130-140 см, ені 60 см, биіктігі 75 см және тартпасы болады. Зертханалық үстелді орнықты бекітіп, оған су және электр сымы өткізіледі.
    • Үстелдің беті қышқыл-сілтілерге төзімді заттардан жасалады.
    • Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болады.
    • Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды препараторлық бөлмеде орналастырады. Шкафтың ішінде улы заттар, күшті сілтілер мен қышқылдарды сақтауға болмайды. Оларды арнайы орындарда сақтайды.
    • Мектепте, зертханаларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік көмек ережелері мен дәрі-дәрмек жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болу керек.
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет