Дәріс 4 «Адамның ерік қасиеті мен өзін –өзі реттеу психологиясы» Ерік



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі121,94 Kb.
#126947
  1   2   3
Байланысты:
4 дәріс Ерік

Дәріс 4 «Адамның ерік қасиеті мен өзін –өзі реттеу психологиясы»

Ерік- адамның ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты мінез-құлқын (қызметі мен қарым-қатынасын) саналы түрде реттеуі.

Ерік- адамның ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты мінез-құлқын (қызметі мен қарым-қатынасын) саналы түрде реттеуі.

Ерік – жігердің міндеті-біздің мінез-құлқымызды басқару, белсенділігімізді саналы түрде өзін-өзі реттеу, әсіресе қалыпты өмірге кедергілер туындаған жағдайларда.

Ерікті реттеу функциясы-тиісті іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, ал ерікті әрекет ерікті күш-жігердің көмегімен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңу үшін адамның саналы, мақсатты әрекеті ретінде көрінеді


В. Вундттың (1912) ойынша, психикалық себеп еріктік актіде жоғары көрсету алады.
Ерікті мотивациялық тұрғыдан Э. Мейман (1917) қарастырды. Еріктік әрекеттің басты белгісі оның ойынша, әрекетті орындау туралы шешім қабылдап, әрекеттің орындалуына әкелетін толық психикалық акт, мақсат туралы елестің пайда болуы, сол мақсатқа байланысты келісімнің берілуі.
Ресейлік психологтер де ерікті мотивациямен байланыстырады. Соның бірі И.М.Сеченев. Біріншіден, ғалым еріктің адамгершілік компонентін бөліп көрсетті, еріктік актіде мотивтің адамгершілік компоненттерінің қатысы бар. Екіншіден, ерік күшінің пайда болуы үшін себеп, мотив керек.
Г.И. Челпанов (1926) еріктік актіде үш элементті бөліп көрсетті: тілек, ұмтылыс және тырысу немесе күш салу. Ол еріктік әрекетті мотивтер күресімен байланыстырды.
К.Н. Корнилов (1948, 1957) еріктің әрекет негізінде үнемі мотив жататынын көрсетті. Адамның елігуі, тілегі және қалауын ерікпен және еріктік актіде қарастырған ірі ғалымдардың бірі – Н.Н.Ланге (1883). Ол өз жұмыстарында қалау мен елігу арасындағы айырмашылыққа түсінік берді, қалау – бұл елігу, соңында әрекетке айналады және бұл әрекеттердің белсенділік сезімі арқылы жүзеге асады. Ол үшін қалау – бұл ерік.
Л.С. Выготский ерікті әрекетте екі бөлек процесті бөліп көрсетеді: біріншісі шешімге байланысты, жаңа ми байланысына тоқтау болу, ерекше функционалды аппараттық қалыптасуына әсер ету болса, екіншісі – орындаушы - қалыптасқан аппарат жұмысына байланысты.
Б.В. Зейгарник (1989) адамның өз әрекетін басқара алуын ерік мәселесі ретінде қарастырды.
Дж. Локктың ойынша, ерік қанағаттанбаушылықты жеңе отырып, тілекке қарсы шығуы да мүмкін, адамда қалау немесе еріктілікті қалыптастырады.
П.В. Симонов ерікті басты қажеттілік қана емес, бәсекелес түрткінің біреуіне қосымша арнайы механизм ретінде қарастырды.
Ш.Н. Чхартишвили (1958) Д.Н. Узнадзенің пікірін бөлісіп, ерікті субъектпен қабылданған ішкі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекетке түрткі механизмі ретінде қарастырады.
Еріктің адам әрекетін психикалық реттеуші формасына алғаш көңіл аударған М.Я. Басов (1922) болды. Ерік психикалық механизм ретінде қабылданды, ол арқылы адам өзінің психикалық функцияларын реттейді.
В.И. Селиванов еріктің түрткі, реттеуші функцияларын бөліп көрсетті. Ерік – адамның саналы түрде іс-әрекетін реттеуі.
Л.М. Веккер (1957) бойынша, ерік ырықты реттелудің ең жоғары формасы. Реттеу әрекеттің интеллектуалды, эмоционалды-адамгершілік, жалпы қоғамдық бағалау критерилері арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет