Орындаған: Жолдасова С,Бақытжан А, Ауған, Губайдоллина Э.
Тексерген : Исмаилова Р.Б
Тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
Жоспар
* 1. Психологиядағы ерік түсінігі.
* 2. Стресс түсінігі, түрлері және стресстің даму кезеңдері.
Ерік турлы түсінік.
Ерік дегеніміз адамның қойылған мақсатқа жетуде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.
Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Еріктік іс-әрекеттің анатомиялық – физиологиялық негізі мидың барлық бөліктерінің, үлкен жарты шар қабығының маңдай бөлігінің жетекші рөлі негізіндегі рефлекторлық іс - әрекеті болып табылады
Ерік теориялары.
Ерік теориялары.
Адамның өз шешімі бойынша жасалған әрекет пен қылықты Аристотель (б.д.д.384-322 ж.ж.) ерікті деп атады. Ежелгі Рим ойшылы және дәрігер Гален (б.д.д. 130-200 ж.ж.) ерікті және еріксіз қозғалыс жайлы айтып, соңғысына тек ішкі мүшелердің (жүрек, асқазан) бұлшық ет жиырылуын жатқызды. Қалған барлық қозғалысты ол ерікті қозғалыс деп қарастырды. Рене Декарт ерікті жанның тілегін қалыптастыруға қабілетті және кез келген адам әрекетінің пайда болуын анықтайтын, рефлекс негізінде түсіндіруге болмайды деп түсінді. Декарт еріктің басты мәселесі – заттың әсерінен пайда болған құмарлықпен күрес деп есептеді. Т. Гоббс бойынша, тілек, ойлау және ойлану актісінде пайда болған, тікелей қозғалысқа итермелейтін күш - ерік.
В. Вундттың (1912) ойынша, психикалық себеп еріктік актіде жоғары көрсету алады.