Дәріс 5 Әлеуметтену және бірегейлік



Дата19.09.2023
өлшемі110,5 Kb.
#108716
Байланысты:
Дәріс 5 - социализация


Дәріс 5 - Әлеуметтену және бірегейлік

1. Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Тұлға ұғымының мәні. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).


2. Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші және екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі.
3. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп.
4. Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік.
5. Әлеуметтік рөлдер және мәртебелер.


Әлеуметтену деген не?
Соңғы екі тарауда әлеуметтік өмірдің «жалпы сипаттамасын» – қоғамдар мен мәдениеттерді қарастырдық. Бірақ әлеуметтанушыларды осы жалпы сипаттамаға адамдардың қалай сәйкес келетіні қызықтырады. Бұл тарауда адамдар өз мәдениеті мен қоғамында табысқа жету үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды қалай үйренетінін қарастырамыз. Бұл процесс әлеуметтену63 деп аталады.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге64 белгілі бір әлеуметтік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.





Адам болуды үйрену
Біз өз іс-әрекеттеріміз бен сенімдеріміздің қаншасын үйрендік, қаншасы тегіміз арқылы берілгенін білесіз бе? Бұл сұраққа түбегейлі толық жауап бере алмаймыз, себебі біз балаларды оқыту мен олардың генін өзгерту әсерлерін салыстыратын тәжірибе жүргізген емеспіз. Дегенмен әлеуметтанушылар ғасырлар бойы адамдар мен маймылдарды қалыпты әлеуметтенуден немесе тіпті негізгі тәрбиеден айырған кездегі жағдайлар туралы деректер жинады.
Адам болуды үйрену. Адамды бағып- қағудың қажеттілігі. «Мен» тұжырымдамасы. Әлеуметттану агенттері отбасы, қатарластар, мектептер, БАҚ, дін, қауымдастықтар. Өмір жолындағы әлеуметтену: балалық шақ, жастық, ересек, 65 жастан асқан кез туралы тәжірбилер қатары көрсетілген. Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет