Дәріс Қазақ хандығының құрылуы және XV – XVI ғғ. қазақ халқы қалыптасуы



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі22,54 Kb.
#86306
  1   2   3

Дәріс 3. Қазақ хандығының құрылуы және XV – XVI ғғ. қазақ халқы қалыптасуы


Дәрістің мақсаты – Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен одан кейінгі саяси тарихына тоқталып, қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдерін айқындау.


1. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуының тарихи алғышарттары.
2. Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер. Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы.
3. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы


Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV-XV ғасырлар аралығында болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси үдерістердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В. Вельяминов-Зерновтан бастап, Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының бір бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде билік үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі билік үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды құдалауын тоқтатпады. Билік үшін күрес барысында Дешті-Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи-Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Осылайша олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады». Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес Қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет