5 сабақ:Қазақ халқының қалыптасуы.”Қазақ” этнонимі.Қазақ жүздері. 15-16 ғасырларда Қазақ хандығы. 17-18 ғғ Қазақ хандығы Тақырып:Қазақ жүздері.Қазақ этнонимі. Жеті жарғы



Дата03.12.2023
өлшемі14,3 Kb.
#133681
түріСабақ
Байланысты:
5 семинар Қазақстан тарихы


5 сабақ:Қазақ халқының қалыптасуы.”Қазақ” этнонимі.Қазақ жүздері.15-16 ғасырларда Қазақ хандығы.17-18 ғғ Қазақ хандығы
Тақырып:Қазақ жүздері.Қазақ этнонимі.Жеті жарғы
Қазақ халқының қалыптасуымен бірге 15-16 ғасырларда қазақ жүздері де қалыптаса бастады.Жүздер туралы жазба деректері 16 ғасырда шығыс жылнамаларында кездеседі.Жүздердің құрылуы қазақ жерінің табиғи климаттық жағдайлары мғн халықтың көшпелі өмір салтына байланысты болды.Қазақстан өзіндік дамуына ықпал ететін табиғи ландшафтық белдеулерден тұрды.15 ғасырдың 2 ші жартысынан бастап қалыптасқан көршілес елдер арасы мен жазба деректерінде қазақ деген атау белгілі бола бастады.Қазақ сөзінің мағынасы мен шығу тегі туралы ғалымдар әлі күнге дейін ортақ пікірге келмеді.Жеті жарғы қазақ хандығының құқықтық жүйесінде Тәуке хан үлкен реформа жүргізді.Тарихи деректерге қарағанда Тәуке хан беделді Ұлы жүзден Төле бимен,Орда жүзден Қазыбек бимен,Кіші жүзден Әйтеке бимен кеңесе отырып құқықтық реформаны жүзеге асырды.Олар құқықтық нормаларды талқылап,жаңа зат ережелерін бекітті.Тарихшылардың пайымдауынша Жеті жарғы Шыңғысханның Жасағы,Қасымханның қасқа жолы негізінде жасалған деп ойлайды.Жеті жарғыда әкімшілік,қылмыстық азаматтық сонымен қатар салық,діни көзқарастар туралы ережелерді заңдық тұрғыда бекітті.Қоғам өмірінің барлық сапаларын қамтыды.Қылмыстық құқықтық нормалар бойынша кісі өлімі,денеге зақым келтіру,зорлау және ұрлық жасаған қылмыстар үшін неше түрлі жазалар енгізілді.Жеті жарғының ең басты жаңалығы құн заңының белгіленуі.Яғни жазадан ақша төлеу арқылы құтылудың жолдары белгіленді.Құнның мөлшері қылмыскер мен жәбіршенушінің әлеуметтік жағдайына байланысты болды.Мысалы қарапайым ер адамды өлтіргені үшін қылмыскер оның туыстарына 1000 қой,ал әйел адам үшін 500 қой беріп құн төлеген.Құлдардың құны оның иесіне тазы ит немесе қыран беру арқылы төленетін болған.Денеге зақым келсе де құн төлеген.Егер бас бармаққа зақым келтіргені үшінде 100 қой,шынашақ үшін 20 қой төленетін белгіледі.Қазақ құрамының ерекшеліктеріне сәйкес қылмысқа ұжымдық жауапкершілікке де ерекше мән берген.Әйелдер мен балалардың,құлдардың сотта куәгер болатын құқығы болмады.Отбасы некелік қатынастар бойынша мұрагерлік құқық нормалары белгіленді.Сотта нақты айғақтарсыз айыптау үшін 2 адамнан 7 адамға дейін куәгерлер талап етті.Олар болмаса ант беретін болды.Жеті жарғы заңы бүкіл Қазақ хандығында жүргізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет