Дәріс: ДӘлдік және мергендік қабілетін дамытатын ұлттық ойындар (мәселелі). Дәріс мақсаты



бет1/7
Дата25.11.2023
өлшемі281,25 Kb.
#128040
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция 9-10


Дәріс: ДӘЛДІК ЖӘНЕ МЕРГЕНДІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТАТЫН ҰЛТТЫҚ
О Й Ы Н Д А Р (мәселелі).
Дәріс мақсаты:

  1. Дәлдік қабілетін дамытатын асық ойыны ережесімен танысу.

  2. Мергендікті дамытатын ойындардың тізімімен танысу.

Асық – көнеден келе жатқан ұлттық ойын


Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Ендеше көнеден келе жатқан ұлттық ойынның бүгінгі таңдағы өрісі қандай, асық ойындарының түрлері жайында аз-кем сөз етіп көрсек. Ерте де ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап үйрете бастаған. Тіпті сәби дүниеге келмей жатқанда, жас нәрестенің ойнайтын асықтарын жинаған. Асық ойындары тек қана қазақ халқына ғана таныс ойын түрі емес. Бұл ойынды Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттары да әлі күнге дейін ойнап келеді. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойындарының көп бала болып ойналатын түрі әрбір жас баланың намысын қайрап, жеңіске деген талпынысын арттырады. Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Асық ойыны – ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Өйткені әрбір көшпенді өмір сүрген халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы төрт түлік малға мейлінше байланысты. Осыған байланысты қаншама атау, ұғым-түсінік, таным мен пайым пайда болды. Қазақтың мақал-мәтелі де, аталы сөзі де асыққа байланысты құрылып, күнделікті байланысқа түсті. Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де жеткілікті. Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр. Асық ұлттық ойыны соңғы уақытта мемлекеттік қолдауына ие болып, өзінің мәртебесін ала бастады. Елімізде Асық атудан жарыстар, ел біріншіліктері өтті. Асық ойынының федерациясы құрылып, оған белгілі дәреже де түбегейлі зерттеліп, зерделенген ойын ережелері бекітілді. Асық атудың жарысы бұрыңғы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген «Асық ойынының ережесі» бойынша өткізіледі. Асықтың түрлері мен атаулары Асық – төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық. Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық. Бүге – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі. Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі. Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі. Табан – асықтың тәйке жағы. Оңқай –асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы.Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады. Солақай — асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.
Сақа — қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Сақа деп арқардың асығын атайды. Құлжа — арқардың аталығының асығы Жабайт — еліктің асығы Шүкімайт — қозы мен лақтың асығы.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет