Дәріс Гүлді өсімдіктер туралы жалпы түсінік Жалпы гүл шаруашылығы және көшет өсіру



Дата02.02.2023
өлшемі29,43 Kb.
#64729

Дәріс 1. Гүлді өсімдіктер туралы жалпы түсінік
Жалпы гүл шаруашылығы және көшет өсіру
Гүлді өсімдіктер туралы жалпы түсінік
Жасыл екпелердің ролі.
Гүлдің құрылысы.
Жаңа түрлерді алу.
Өсімдіктер географиясы

Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталықтармен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналықтың жатынында (Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.Жабық тұқымдылардың гүлдері бірінен-бірі мөлшері, пішіні, түсі және құрылысы бойынша ерекшеленеді. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері желмен тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермн тозаңдануға бейімделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жыныс жасушаның бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасы мен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады. Орталық орталық екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып — эндосперм түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым бүршігінен – тұқым, ал жатынның қабырғаларынан жемісқап түзіледі.Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда кеңінен таралған.Жабық тұқымдылардың кейбіреулерінің өсімді кезеңі, яғни тіршілік ету ұзақтығы өте қысқа — бірнеше айға ғана созылады. Оған көкнәр тұқымдасының кейбір өкілдері мысал бола алады (сеппе көкнәр, т.б.). Екінші бір түрлері мысалы, емен ағашы жүз жылға дейін өмір сүреді.


Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп, төселіп өседі. Жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің, батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше.Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер — адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындары көгалдандыруға пайдаланады.Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адамның табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) да енді.


Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі


Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық — жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті.

Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.


Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар класы және қосжарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады.Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны — 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады.

Гүлдің құрылысы


Гүлдің құрылысы
Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша,
күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады.
1.Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген 
жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отыр
малы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл).
2. Гүл табаны – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағы
ның жоғарғы жағындағы кеңейген жері.
3. Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпе
ген жеке немесе біріккенжапырақшалардан тұрады.
4. Күлте – тостағанша жапырақшаларынан кейін орналасады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжігүл, қоңыраугүл жатады.
5. Аталық – көбінесе жіпше тәрізді болып кепледі.
6. Аналығы – гүлдің орта бөлімінде болады.
Гүл сағағы
Гүл табаны
Тостағанша
Күлте
Аталық
Аналық
Қызғалдақтың жай гүлсерікті гүлі
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және
қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте тек 
тостағанша жапырақшалары болып, күлте жа-
пырақшалары болмайды (қалақай, қызылша,
қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш 
гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақша-
лары ғана болады.
Жай гүлсерік
Қос гүлсерік
Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлтеде болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екуі де болмайтындарды гүлсеріксізгүлдер дейді (тал, ша-ған, терек, еменің аналық гүлі).
Қос гулсерік
Аталық

    • Аталық – гүлдің көбеюне қатысатын бөлімі.

Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқап-
тан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері – жіпше-
сі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен
құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаң-
қапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп-
жетілген тозаңдары сыртқа шашылады.
Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасу-
ша, пішіндері де алуан түрлі.
Жіпше
Тозаңқап
Аналығы
Аналық – гүдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі
гүлдің дәл ортасында орналасады аналықтың ұшын ауыз,
ортанғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуан-
даған жерін жатын дейді.
Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше болып келеді.
Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның ана-
лық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.
Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастіріп бас-
қа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым ана-
лық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозанданады.
Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалтақ және т.б
Жатын - аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы.
Жатынның бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бо-
лады.
Аналық аузы
Аналық мойны
Жатын
Дұрысгүл мен бұрысгүл
Дұрысгүл мен бұрысгүл. Гүл жазықтығына
бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе-
дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т.б). Гүл бө-
лімдеріне бірсізіқ жұргізуге ғана болса, бірнеше сы-
зықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұр-
шақ, сәлбен және т.б)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет