Бесінші қабаттан түсіп келе жатқан Арман 100 баспалдақ санады.
Егер ол екінші қабаттан түсіп келе жатса, неше баспалдақ санар еді?
Шешуі:
Бірінші қабатта баспалдақ болмағандықтан, бесінші қабатқа дейін 4 аралық бар. Яғни, әр қабатта : 100 : ( 5 – 1) = 25 басп
Ал бірінші қабатта екінші қабатқа дейін 1 ғана аралық болғандықтан, екінші қабатқа дейін
25 х ( 2 – 1) = 25 басп
Есепте:
Ұзындығы 1000 м жолдың бір жақ жиегіне арасы 5 метрден ағаш егілсе, барлығы неше ағаш отырғызуға болады?
Шешуі:
1000 : 5 + 1 =201
Қосынды – айырма мәселесі
Екі қорапта 42 кг апельсин бар. Бірінші қорапта , екіншіге қарағанда 8 кг кем. Әр қорапта неше кг апельсин бар?
Кескіндеу тәсілі:
+ 8 кг 42 кг
Шешу жолы:
( 42-8 ) : 2 = 17( кг) – 1 қ
17 + 8 = 25 ( кг) – 2 қ
Мұндай есептердің екі шешу тәсілі бар:
1) Кем шамаға теңестіру
2) Артығына теңестіру тәсілі
Есепте:
Бір сан екінші саннан 113- ке артық, ал екеуінің қосындысы 337 – ге тең. Сандарды тап.
Бір сан екінші саннан 244 – ке кем. Ал екеуінің қосындысы 566- ға тең. Сол сандарды анықта.
Екі сөреде 84 кітап бар. Егер бір сөреден 12 кітап алсақ, онда екі сөредегі кітаптар саны тең болады. Әр сөреде неше кітап бар?
Еселікке байланысты есептер. Қосынды -еселік мәселесі
Мектеп 360 кітапты 2 және 3 сыныпқа бөліп бермекші. 3- сыныпқа бөлінген кітаптар саны 2- сыныпқа бөлінген кітаптар санынан 2 есе көп. 2 және 3 – сыныптардың әрқайсысына қанша кітаптан бөліп бергенін анықта.
Сызбамен көрсетсек:
2 сынып
3 сынып 360 к
Шешуі:
Мына формула бойынша шығарылады:
Кіші сан = қосынды : ( 1 + еселік)
360 : (1 + 2) = 120
120 х 2 = 240
Жаттығу есептері:
1. Ұлан мен әжесінің жастарының қосындсы 64- ке тең. Әжесінің жасы Ұланның жасының 7 есесіндей. Әрқайсысының жастарын анықта.
2. Екі бөлік жердің жиынтығы 320 гектар. Бірінші бөлік жер екіншісінен 3 есе артық. Әр жер қанша гектар екенін тап.
Артық қалу , жетпей қалу
Бір қорап кәмпитті әр балаға 6- дан берсе, 36 кәмпит артық қалады, 8 - ден бөліп берсек , 4 кәмпит жетпей қалады. Балалар нешеу? Кәмпит саны қанша?
Талдау
Бұл есептің ерекшілігі белгілі сан шамасындағы кәмпитті белгілі сан шамасындағы балаларға үлестіріп беру. Екі рет үлестіргенде біріншісінде 36 кәмпит артық қалады, екінші ретінде 4 кәмпит кем қалады. Артық қалған сан мене жетпей қалған сан берілген.
Кәмпит санын бөлуге қтысқан адам санын табу керек. Ол үшін заттар айырмашылығын үлестіру айырмашылығына бөлу керек. Бұл «Айырмашылығын айырмашылығына бөлу тәсілі» деп те аталады.
шешуі:
Балалардың саны:
(36 + 4) : (8 – 6) = 40 : 2 = 20
Кәмпит саны:
6 х 20 + 36 = 156
Барлық шамалар айырмашылығын : үлестірім айырмашылық шамасына = адам саны
Есеп
Оқушылар ағаш екпекші еді. Әр оқушы 9 ағаш ексе, 25 түп жетпей қалады. Әр оқушы 6 ағаштан ексе, 7 түп жетпей қалады. Оқушы нешеу? Ағаш нешеу?
Шешуі:
Екі рет жетпеу мәселесі. Көбінен де жетпей қалу, азынан да жетпей қалу.
Оқушы саны:
( 25 – 7) : ( 9 – 6) = 18 : 3 = 6
Ағаш саны:
9 х 6 – 25 = 29
Есепте:
Апай 5 кг сәбіз алса, 250 тг артық қалады, 7 кг сәбіз алса, 110 тг жетпей қалады. Сәбіздің 1 кг қанша теңге тұрады? Апайда неше теңге бар?
Ойлан
16 қабатты үйде 4 кіреберіс бар, әр кіреберістің әр қабатында 4 пәтерден бар. №165 пәтер нешінші кіреберісте және нешінші қабатта орналасқанын анықта.