Дәріс жоспары: .. өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын вгротехникалық талаптар



бет1/7
Дата10.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#66706
  1   2   3   4   5   6   7

ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Дәріс жоспары:

.. өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын вгротехникалық талаптар.


4.2. Машиналардың құрылысы мен жұмыс процесі

.. өсімдіктерді қорғауға арналған машиналардың жіктелуі және оларға қойылатын вгротехникалық талаптар.

Дақылды өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Олармен күрес жүргізу үшін бүріккіштер, тозаңдандырғыштар, аэрозольды генераторлар, дәрілеуіш машиналар, топырақты залалсыздандыру машиналары, еліктіргіштер дайындау және себу машиналары қолданылады.
Комплексті күрес өсімдіктің бүкіл өсіпжетілу кезеңінде жүргізіледі: қоймалар дезинфекцияланады, себер алдында тұқым дәріленеді, егіндік жерлер бүркіліп, тозаңдандырылады, өсімдік үстеп қоректендіріледі және арамшөп оталады химиялық отау.
Ауыл шаруашылығында өсімдікті зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар арналуына байланысты: инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер деп үш топқа бөлінеді. Инсектицидтер зиянды насекомдарды жою үшін, фунгицидтер өсімдік ауруларымен күрес жүргізу үшін, гербицидтер арамшөпті жою үшін пайдаланылады.
Бүріккіштер өсімдікке улы химикат ерітінділерін бүркеді. Тозаңдандырғыштар улы ұнтақ заттарды тозаңдандырады. Аэрозольді генераторлар улы химикаттарды жылулық және механикалық әдістермен тұманға диаметрі , мге дейінгі бөлшектермен айналдырады. Ол сімдікті «орап» ауада тұрып алады.
Дәрілеуіш егілетін және отырғызылатын материалды түрлі ауру қоздырғыштарынан залалсыздандырады. өңделетін алаңның көлеміне қарай қолмен атқарылатын, атқа және тракторға жегілетін аспалы немесе тіркемелі бүріккіштер мен тозаңдандырғыштар қолданылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес жүргізу, сондайақ үлкен алқаптарда өсімдікті үстеп қоректендіру үшін авиация кеңінен пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына және арамшөпке қарсы күрес жүргізілетін машиналарға мынадай агротехникалық талаптар қойылады:
олар өңделетін алаңның бір өлшеміне керекті улы химикаттармен қамтамасыз етуге және жұмыс процесінде өзгертпей сақтауға тиіс, ал тозаңдандыру құрылғысының сұйықты және ұнтақты өңделетін учаскеге біркелкі бөлуі керек
тұқымды улы химикаттармен біркелкі өңдеуге тиіс
тұқымды умен қоса араластырғанда олардың механикалық зақымдануы , тен артпауы керек
жұмыс органдары улы химикаттар әсеріне төзімді болуға тиіс.

.. Машиналардың құрылысы мен жұмыс процесі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет