Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


ДӘРІС 8. АШУ ПРОЦЕСТЕРІ. КӨМІРСУЛАРДЫҢ АНАЭРОБТЫТЫҚ



Pdf көрінісі
бет34/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
ДӘРІС 8. АШУ ПРОЦЕСТЕРІ. КӨМІРСУЛАРДЫҢ АНАЭРОБТЫТЫҚ 

ЖАҒДАЙДА ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАТУЫ 

 

Көміртегі  фотосинтез өнімі болып табылатын жердегі  органикалық қосылыстардың 

құрамына  кіреді.  Атмосферадағы  ауа  құрамындағы  көмір  қышқыл  газының  мөлшері  бар 

болғаны 0,03% ғана. 

Адам  және  жануарлар  тыныс  алғанда,  жанартаулар  атылғанда,  көмір,  мұнай 

жанғанда  бөлінетін  көмір  қышқыл  газы  фотосинтез  барысында  жасыл  өсімдіктердің 

пайдаланатын  қордың  орнын  толтыра  алмайды.  Өндірістік  кәсіпорындар  жасыл 

өсімдіктерге  қажетті  көмір  қышқыл  газының  5-10%-ын  бөледі.  Бұл  жағдайда  бірнеше 

онжылдықтың ішінде атмосферадағы бүкіл көмір қышқыл газының протеин, май, көмірсу 

және басқа органикалық қосылыстарға айналуы нәтижесінде өсімдіктерге көмір қышқыл 

газы жетпей, олардың өлуі мүмкін еді. Бірақ, табиғатта бұндай байқалмайды. 

Біздің  планетамыздағы  көміртегінің  тепе-теңдігінің  сақталуы  мен  оның  табиғатта 

айналуында  микроорганизмдердің  атқаратын  ролі  өте  зор.  Өйткені,  олар  органикалық 

заттарды  минералдау  барысында  өсімдіктердің  фотосинтез  кезінде  пайдаланатын 

мөлшеріне сай келетіндей көмір қышқыл газын түзеді. 

Көмір  қышқыл  газы  және  күн  сәулесінсіз  өсімдіктер,  ал  өсімдіктерсіз  адам  мен 

жануарлардың  өмір  сүруі  мүмкін  емес  екенін  ескерсек,  онда  әртүрлі  физиологиялық 

топтарға  жататын  микроорганизмдердің  омыртқасыздармен  және  басқа  да  тіршілік 

иелерімен  біріге  отырып  органикалық  қосылыстарды  ыдыратуда,  сондай-ақ 

атмосферадағы көміртегі қорын толықтыруда атқаратын маңызды рөлін түсінуге болады. 



Көмірсулардың анаэробтық жағдайда өзгеріске ұшырауы (ашу процестері). 

Ашу  процестері  адам  баласына  көне  заманнан  белгілі  болғанымен,  олардың 

биологиялық  мәні  алғаш  рет  Л.  Пастердің  (1858-1860)  жұмыстарымен  дәлелденді.  Ол 

органикалық  субстраттағы  өзгерістер  микроорганизмдердің  тіршілік  әрекетінің  нәтижесі 

екендігін  анықтады.  Қазіргі  кезде  спирттік  ашудың  қоздырғышы  –  ашытқылар,  ал  сүт 

қышқылды,  пропион  қышқылды,  май  қышқылды  ашулардың  қоздырғыштары  – 

бактериялар  мен  бациллалар  екендігі,  сондай-ақ  лимон,  қымыздық,  глюкон,  фумар, 

итакон, 


янтар 

қышқылдары 

сияқты 

органикалық 

қышқылдардың 

зеңсаңырауқұлақтарының өмір сүру өнімдері болып табылатындығы белгілі.  

Көмірсулардың  ашуының  немесе  тотығуының  алғашқы  сатыларында  пирожүзім 

қышқылы  түзіліп,  ол  микроорганизмдердің  ерекшеліктеріне  және  жағдайға  байланысты 

әртүрлі  қосылыстарға  айналады.  Анаэробтық  жағдайда  пирожүзім  қышқылынан  спирт, 

сүт және май қышқылдары және басқа да өнімдер пайда болады. Аэробтық жағдайда олар 

сірке,  лимон  немесе  басқа  органикалық  қышқылдарға  дейін  тотығады,  ал  толық 

тотыққанда көмір қышқыл газы мен су түзіледі. Сонымен, ашу процесі екі кезеңмен өтеді: 

1) бастапқы немесе жалпы кезең анаэробтық жағдайда өтіп, қант пирожүзім қышқылына 

дейін ыдырайды; 2) соңғы кезең микроорганизмдердің ерекшеліктеріне және оларды өсіру 

жағдайына байланысты болады. Бұл кезеңде әртүрлі өнімдер пайда болады.  

Органикалық  заттардың  өзгеріске  ұшырау  (айналысы)  барысында  фотосинтез 

процесінде жинақталынған энергия бөлінеді. Оның біраз бөлігін микробтық жасуша жылу 

түрінде  пайдаланады  немесе  қоршаған  ортаға  бөлінеді.  Ашу  және  тыныс  алу  арасында 

ұқсастықтар өте көп, бірақ тыныс алу кезінде заттардың тотығуы соңғы өнімдер: су мен 

көмір қышқыл газының түзілуіне дейін жүрсе, ал ашу өнімдерінде көп мөлшерде энергия 

сақталып  қалады.  Мысалы,  гексозалар  (глюкоза)  тотыққанда  2884,8  кДж,  ал  осы  заттар 

ашығанда 117,3 кДж энергия ғана бөлінеді. Бұл дегеніміз, микроорганизмдердің (мысалы, 

ашытқының)  бірдей  массасы  пайда  болуы  үшін  ашу  кезінде  қажет  болатын    қанттың 

мөлшері тотығумен салыстырғанда 24,6 есеге артық. Сондықтан, энергетикалық тұрғыдан 

алып қарағанда көмірсуларды ашыту процесінде пайдалану тиімсіз болып саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет