Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет60/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75
Антибиотиктер  (гректің  anti  -  қарсы,  bios  -  өмір)  кейбір  микроорганизмдер 

синтездеп шығаратын химиотерапиялық препараттың бір түрі. Антибиотиктер туралы ілім 

1929 ж. А. Флеминг Penicillium notatum зең саңырауқұлағының сорпадағы культурасының 

сүзіндісінің  стафилококтарға  және  кейбір  грам-оң  микроорганизмдерге  қатысты 

антибактериалдық қасиеті бар екендігін дәлелдеген соң, жаңа қарқынмен  дами бастады. 

Өсінді  сұйықтығынан  пенициллинді  ағылшын  химиктері  Э.  Чейн,  Г.  Флори  және  Э. 

Эбрахем 1940 жылы ғана бөліп алды. Бұрынғы Кеңес Одағында, алғаш рет пенициллинді 

1942 жылы З.Ф. Ермольева алған болатын.  

Пенициллиннің  ашылуы  антибиотикті  заттардың  кеңінен  іздестірілуіне  ықпалын 

тигізді.  Қазіргі  кезде  әртүрлі  микрорганизмдерден  бөлініп  алынған  екі  мыңнан  астам 

антибиотиктік препараттар белгілі. 

Шығу тектеріне байланысты антибиотиктерді төрт топқа бөлуге болады: 

1  Саңырауқұлақтардан  бөлінетін  антибиотиктер.  Саңырауқұлақтар  мен 

актиномицеттер  антибиотиктердің  негізгі  өндірушілері  болып  табылады.  Мысалы,  



Penicillium  notatum  және    Penicillium  crustosum  пенициллинді,  Actinomyces  streptomycini 

стрептомицинді,  Streptomyces  aureofaciens  биомицинді  (хлортетрациклин),  Streptomyces 



rimosus окситетрациклинді (террамицин), Streptomyces noursei нистатинді синтездейді. 

2  Бактериялардан  бөлінетін  антибиотиктер.  Бұл  антибиотиктердің  нәтижелілігі 

саңырауқұлақтар мен актиномицеттер бөлетін антибиотиктерге қарағанда төмендеу болып 

келеді. Антибиотик өндірушілер –  негізінен анық байқалатын биохимиялық белсенділігі 

бар,  топырақта  мекендейтін  сапрофиттер.  Бактериялар  синтездейтін  антибиотиктерге 

грамицидин, колицин, пиоционин, субтилин, полимиксин және т.б. жатады.  

3  Жануарлардан  бөлінетін  антибиотиктер.  Жануарлар  ұлпасы  бөлетін  кейбір 

заттар  микробтарды  зақымдай  алады.  Бұларға  әртүрлі  жануарлардың  эритроциттерінен 

бөлінген  эритрин,  балық  ұлпасынан  алынған  экмолин,  жұмыртқа  протеинінен  бөлінген 

полисахарид  жатады.  Кейбір  ұлпалардың  жасушалары  көптеген  вирустық  аурулардың 

қоздырғыштарының тіршілік әрекеттерін тежейтін белсенді зат - интерферон өндіреді.    



4  Өсімдіктерден  бөлінетін  антибиотиктер.  Фитонцидтер  -  өсімдіктерден  (пияз, 

сарымсақ,  қышы,  қалақай,  аққайың  бүрі,  арша,  ақжелкек,  және  т.б.)  бөлетін  улы  заттар. 

Фитонцидтер 

– 

көптеген 



микроорганизмдерге 

(сарцина, 

стафилококкалар, 

стрептококкалар,  ішек  таяқшасы,  протейлер  және  т.б.)  қатысты  антибактериалдық 

қасиеттері  бар  ұшқыш  заттар.  Олардың  бір  бөлігі  таза  күйінде  әртүрлі  өсімдіктерден 

бөлініп алынған:  аллицин – сарымсақтан (грам-оң және грам-теріс бактериялардың өсуін 

тежейді),  рафанин  –  шалғамнан  (1:100  сұйылтымда  грам-оң  және  грам-теріс 

бактерияларға  әсер  етеді),  иманин  –  шайқурайдан  (іріңді  процестер  мен  ауыр  күюлерді 

емдеуде қолданылады).  



Антибиотиктердің  микробқа  қарсы  белсенділігі  препараттың  антимикробтық  әсер 

көрсете  алатын  ең  аз  мөлшерімен  анықталынады  және  әсер  етуші  бірлікпен  (ӘБ) 

белгіленеді.  Қазіргі  кезде  антибиотиктердің  әсер  ету  бірлігі  ретінде  микрограммен 

алынған құрғақ заттың мөлшері  алынады. Мысалы, пенициллиннің ӘБ  – таза кристалды 

тұзының 0,6 мкг-на, стрептомициндікі – таза құрғақ препараттың 1 мкг.-на тең.  

Антибиотиктердің белсенділігін анықтау тығыз қоректік (диск тәсілі) немесе сұйық 

қоректік  (сериялы  сұйылту  тәсілі)  орталардағы  антибиотикке  сезімтал  тест-микробтың 

(пенициллин үшін - Staphylococcus aureus, стрептомицин үшін - Bacillus subtilis, Esherichia 



сoli)  өсуін тежеуге негізделген.  

Антибиотиктерге  микробтық  жасушаға  таңдамалы  әсер  ету  қасиеті  тән.  Кез  келген 

тірі  цитоплазмаға  әсер  ететін  химиялық  улы  заттардан  (сулема,  фенол,  сілтілер, 

қышқылдар,  формалин  және  т.с.с.)  ерекшелігі  антибиотиктердің  микроорганизмдердің 

жасушаларын  ғана  зақымдайтындығында.  Әсер  ету  ауқымының  кеңдігіне  байланысты,  

антибиотиктер микроорганизмдердің кейбір түрлеріне ғана әсер ететіндерге (пенициллин, 

грамицидин) және кең көлемді антимикробтық әсері барларға (левомицетин, тетрациклин 

және т.б.) бөлінеді.  

Әсер  ету  механизмдеріне  байланысты  антибиотиктер,  бактерицидтік,  немесе 

бактерияларды 

өлтіретіндер 

(пенициллин, 

стрептомицин, 

грамицидин) 

және 

бактериостатикалық, немесе микробтардың өсуін тежейтіндер болып екі топқа бөлінеді.  



Антибиотиктерді  микроорганизмдерге  тигізетін  әсерлері  бойынша  екі  топқа  бөлуге 

болады:  Жасуша  қабырғасы  мен  оның  мембранасының  синтезін  бұзушылар;  ДНК,  РНК 

және  протеин  синтезін  бұзушылар.  Мысалы,  пенициллин  жасуша  қабырғасының 

құрамына 

кіретін 

полимерлердің 

синтезделуін 

тежеп, 


протеиндер 

мен 


нуклеопротеидтердің  алмасуын  өзгертеді,  ал  стрептомицин  және  осы  класқа  жататын 

басқа  да  антибиотиктер  жасуша  мембранасының  өткізгіштігін  бұзады.  ДНК  және  РНК-

мен әрекеттесіп, олар протеин синтезі барысында генетикалық кодтың есептелуіне кедергі 

келтіреді. 

Антибиотиктерді пайдаланар алдында қандай антибиотикті қандай ауруларға қарсы 

қолдануға болатындығын анық білу қажет. 

Антибиотиктерді  ретсіз  және  дұрыс  пайдаланбау  микробтардың  белгілі  бір 

антибиотиктерге  сезімталдығының  төмендеуіне  және  ауру  қоздырғыштарының  арасында 

антибиотикке  резистентті  түрлердің  пайда  болуына  әкеп  соғады.  Бұндай  микробтар 

өздерінің  ферментативтік  қасиеттерін,  антигендік  құрылымын  өзгертіп,  уыттылығын 

күшейтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет