Дәріс сабағының жоспары: «Бизнес-жоспар»



бет1/5
Дата25.01.2023
өлшемі378,98 Kb.
#62982
  1   2   3   4   5

4 – дәріс сабағы.
Бизнес-жоспардың мәні мен негізгі сипаттамалары
Оқытушы: Экономика кафедрасының аға оқытушысы
Салибекова Перизат Қалмырзақызы
Дәріс сабағының жоспары:
«Бизнес-жоспар» бизнесті жоспарлау құралы ретінде
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
Бизнес-жоспар түрлері
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.
Бизнес – жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.
Бизнес – жоспардың міндеттері болып келесілер табылады:
  • кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзіді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтап алу;
  • кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;
  • кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментті таңдау;
  • өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
  • нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерімен сәйкестендіру және т.б.

Бизнес – жоспар келесідей негізгі функцияларды атқарады, атап айтқанда:
  • кәсіпкер белгілі бір кезеңдегі қызметтің нақты нәтижелерін бағалай алатын құрал болып табылады;
  • болашақта бизнесті жүргізу тұжырымдамасын жасап шығару үшін қолданылуы мүмкін;
  • қаржылық ресурстарды иемдену құралы болып табылады;
  • кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы ретінде сипатталады.

  • Осылайша, бизнес – жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басымды мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни оның қызмет етуінің стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.

    Бизнес – жоспарлардың түрлері.
    Нарықтық жағдай мен құрастыру мақсатына қарай бизнес – жоспарлар әр түрлі болуы мүмкін:
  • бизнес – линиялары бойынша (өнім, жұмыстар, қызметтер, техникалық шешімдер);
  • жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс істеп жатқан).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет