Қаржылық талдаудың негіздері Қаржылық талдаудың мәні мен мағнасы



Дата16.12.2023
өлшемі38,02 Kb.
#140316

  1. Қаржылық талдаудың негіздері

    1. Қаржылық талдаудың мәні мен мағнасы

Қаржылық талдау объективті және субъективті факторлардың әсерінен пайда болатын ұйымның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық нәтижелерін зерттеумен байланысты белгілі бір білім жүйесі болып табылады. Қаржылық талдау сыртқы және ішкі болып жіктеледі.


Сыртқы қаржылық талдауды салық органдары, банктер, статистикалық органдар, жоғары тұрған ұйымдар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, инвесторлар, акционерлер, аудиторлық фирмалар және т.б. жүргізеді. Сыртқы қаржылық талдаудың негізгі міндеті ұйымның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігін және өтімділігін бағалау болып табылады. Ұйымның ішінде бухгалтерия, қаржылық бөлім, жоспарлау бөлімі, басқа функционалды бөлімдер арқылы жүргізіледі.
Ішкі қаржылық талдау сыртқы қаржылық талдауға қарағанда көбірек міндеттер спектрын атқарады. Ішкі талдау жарғылық және қарыз капиталының қолдану тиімділігін, табыс рентабельділігі көрсеткіштерін зерттейді, ұйымның қаржылық жағдайының тұрақталуының соңғы өсу резервін анықтайды. Ішкі қаржылық талдау ұйымның қызметінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға әсер ететін тиімді басқару шешімдерін анықтауға және енгізуге бағытталған.
Қаржылық талдау қаржылық менеджменттің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау әдістерін білмей, капиталды басқару, қаржылық тәуекелділіктерді төмендету бойынша шешім қабылдау мүмкін емес. Көбінесе ұйымның қаржылық есептілігін пайдаланушылардың барлығы қаржылық талдау нәтижелерін өздерінің қызығушылығын оңтайландыру үшін шешім қабылдауға қолданылады (сурет 1).


Баланс

Ұзақ мерзімді активтер



Меншікті капитал


Ұзақ мерзімді
қаржылық

Ұзақ мерзімді міндеттемелер
шешімдерИнвестициялық
капитал қайтарымдылығының

Қысқа мерзімді активтер

таладау және



Қысқа мерзімді міндеттемелер

тәуекелділікті


бағалау
Қысқа мерзімді
қаржылық
шешімдер
Активтерді Пассивтерді
басқару басқару


Сурет 1. Қаржылық талдау логикасы және оның басқару шешімдерін жүзеге асырумен және қабылдаумен өзара байланысы

Қаржылық талдаудың негізгі міндеттері болып табылады:



  • Ұйымның қаржылық жағдайын объективті бағалау;

  • Қол жеткізілген қаржылық жағдайдың себептері мен факторларын анықтау;

  • Қаржы саласында қабалданатын басқару шешімдерінің негізделуі және дайындалуы;

  • Барлық қаржы-шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру және қаржылық жағдайды жақсарту резервтерін жұмылдыру(мобилизациялау ) және анықтау.

Жүргізілген талдаудың нәтижесінде баламалы шешім қабылдау мүмкіндігі анықталады және олардың жүзеге асыру пәнін бағалау жасалынады.
Қаржылық талдау келесідей пайдаланушылар топтарына қажет:

  • Ұйым менеджерлеріне. Ұйымның қаржылық жағдайын білмейшаруашылық шешімдерді қабылдау және ұйымды басқару мүмкін емес. Менеджерлер үшін келесілер маңызды болып табылады: шаруашылық қызметінде қолданылатын ресурстар және алынған қаржылық нәтижесі бойынша өздері қабылдаған шешімдердің тиімділігін бағалау.

  • Жеке меншіктер, сонымен бірге акционерлер. Оларға өздерінің ұйымға салған қаржыларының қайтарымдылығы қандай болатындығы, ұйымның табыстылығы мен рентабельділігі, сонымен қатар экономикалық тәуекелдіктері мен өздерінің капиталын жоғалтып алу мүмкіндігінің деңгейін білу маңызды.

  • Кредиторлар мен инвесторлар. Оларды берілген қарыздарды қайтару мүмкіндігі, сонымен қатар ұйымның инвестицтялық бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігі қызықтырады.

  • Жабдықтаушылар. Олар үшін жеткізілген тауар үшін төлемді бағалау маңызды.

  • Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер. Олар қалыптасқан іскерлік байланыстардың сенімділігін дәлелдейтін және олардың болашақтағы даму перспективасын анықтайтын ақпараттарға қызығады.

  • Салық органдары. Олар қаржылық есептілік мәліметтерін дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңында қарастырылатын барлық деңгейдегі бюджет алдындағы ақшалай міндеттемелердің орындалмағандығымен байланысты қарыз алушыны банкрот деп қабылдау бойынша арбитраждық сотта өтінішпен жүгіну кезінде өздерінің құқықтарын жүзеге асыру үшін қолданылады.

Бұлардың барлығы қаржылық талдауды жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығын, басқару процесінде және экономикалық өзара қарым-қатынаста оның рөлін анықтайды. Қаржылық талдау дамушы бәсекелестік жағдайында, салық заңдарындағы жиі өзгерістерде, ұлттық ақша курсының өзгерісітерінде және созылмалы инфляция кезінде ерекше маңызды.
Қаржылық талдаудың негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:

  1. Ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайының жалпы сипаттамасын қамтамасыз етеді.

  2. Бағалау артықшылығы: төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық және рентабельділік.

  3. Жалпыға қол жетімді ақпаратты незіздеу.

  4. Тактикалық және стратегиялық мағынадағы шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету.

  5. Кез-келген қолданушылар үшін талдау нәтижелерінің қол жетімділігі.

  6. Шот-аналитикалық процедуралардың мазмұны мен құрамын бірегейлендіру мүмкіндігі.

  7. Белгілер жүйесінде ақшалай өлшемдегі доминантты сипаттау мүмкіндігі.

  8. Шынайлық деңгейінің жоғарлығы және талдау қорытындысының түрленуі (шынайлық шегіндегі жарияланатын есептілік мәліметтері)




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет