Ii оқушы бойындағы шығармашылықты қалыптастырудың педагогикалық негіздері



бет1/8
Дата13.06.2023
өлшемі69,82 Kb.
#100942
  1   2   3   4   5   6   7   8


М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау


Мамандығы: 0111000- «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111013 - «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Тобы: ҚТ-Ж-19
Орындаған: Отаралиева Г.М.
Жетекшісі: Абиева Г.У.

Қызылорда, 2023 ж.


МАЗМҰНЫ

I Кіріспе................................................................................................................3-4


II ОҚУШЫ БОЙЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыда зерттеу................................................................................................................5-6
1.2. Оқыту процесінде шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық ерекшелігі.........................................................................................................7-11
1.3. Шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары...............................12-16
1.4. Оқу тәрбие процесінде оқушыларға шығармашылық қабілетті дамытудың шарттары...................................................................................17-22
III ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
2.1. №1 мектеп-гимназиясында өткен тәжірибе жинақтауда
қолданған шығармашылық тапсырмалар ...................................................23-25 ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................... 26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.. ...................................................28

I.Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: : Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы» Заңында мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. [1]Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды.Шығармашылық – адамның белсенділігі мен дербес іс- әрекетінің ең жоғары формасы. Ж.Дистервег «жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - дейді. [2] Шығармашылық іс-әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.
- бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.
-өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.
- оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.
- жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
- оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.
Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ. Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту. Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр. Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты. Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде. Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді. Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан- жақты шешу қажеттілігі ескерілуде. Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет