Дәріс тақырыбы: Өсімдік ұлпалары. Өсімдік ұлпалары



Дата06.03.2023
өлшемі17,03 Kb.
#72047
Байланысты:
2 лекция ботаника


Дәріс тақырыбы: Өсімдік ұлпалары.
Өсімдік ұлпалары
Ұлпа – шығу тегі, қызметі ұқсас жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпаның 6 түрі болады – түзуші, негізгі(қор жинауша, су жинаушы, фотосинтездеуші, ауа жинаушы) жабын, тірек, өткізгіш, бөліп шығаруша ұлпалар.




Түзуші ұлпа(меристема)

Алғаш түзілетін ұлпа. Сабақ пен тамыр ұшында болады. Жасушалары, вакуолі ұсақ, ядросы ортасында орналасқан, қабықшасы жұқа, ұдайы бөлінеді. Басқа ұлпалар осы түзуші ұлпадан түзіледі.




Жабын ұлпа

Мүшелер сыртын қаптайды. Өң, тоз, қыртыс болып бөлінеді.



Өң жасушалары тірі, тығыз. Өң өсінділерінен түктер түзіледі.

Тоз өң орнын біртіндеп басады және біртіндеп өлі жасушаға айналады. Тоз суды, улы газды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін қабат.

Қыртыс жасушалары өлі, микробтардан, күн сәулесінің күйдіруінен, температураның күрт ауысуынан қорғайды. Ең соңынан түзілетін қабат.


Негізгі ұлпа

Жасушалары тірі, пішіні домалақ, эллипс, цилиндр тәрізді. Түрлері – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы. Қызметі:



Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларында хлоропласттар көп, фотосинтез жүргізіп, органикалық зат түзеді.

Су жинаушы ұлпа жасушалары ірі, қабығы қалың, вакуольінде желімтек заттар ылғалды сақтап тұрады. Мысалы, кактус, бозкілем, семізот, алое, агава.

Ауа жинаушы ұлпа жасушалары арасындағы кеңістіктер ауаға толы Су, батпақ өсімдіктерінде кездеседі.

Қор жинаушы ұлпапиязшықта, сабақта, жемтамырда, жапырақта, тамырсабақта кездеседі. Май, нәруыз, көмірсудың артық мөлшері қорға жиналады.


Тірек ұлпасы (механикалық ұлпа)

Жасушала қабығы қалың, қатты. Сабақта, жапырақта, жемісте болады, беріктік қасиет береді. Мысалы, алмұрт, шетен, беже жемістеріндегі қиыршық жасушалар. Шие, өрік шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі.




Өткізгіш ұлпа

Қоректік заттарды тасымалдайды: 1.Жапырақтың сүзгілі түтіктері органикалық заттарды тасымалдайды.

2.Сүзгілі түтіктер қабықта топтасып органикалық заттарды тасымалдайды.

3.Сүректің өткізгіш ұлпалары минералды заттарды тасымалдайды. Ал, күзде сүзгілі түтіктер уызды затпен бітеліп, көтемде еріп, жолы ашылып, органикалық заттар бір мүшеден екінші мүшелерге жеткізіледі.




Бөліп шығарушы ұлпа

Екі түрі бар: Ішке және сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.

1.Затты ішке бөліп шығарушы ұлпа – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары.

2.Затты сыртқа бөліп щығарушы ұлпалар – домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, шірнеліктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар.



Домалақ басты түктер өңнен пйда болған, олар хош иісті эфир майын бөледі. Мысалы, қазтамақ (пеларгония).

Жабысқақ бездітүктер мен бездіқабыршақтар көп жасушалы, ұшқыш эфир майын бөледі. Мысалы, мандарин, апельсин, лимон қабықтары, эвкалипт, шайқурай, дәмжапырақ (лавр), магнолия, шұйіншөп.

Шірнеліктер тостағанша, күлте түбінде, жатын қабырғасында, гүлтабанда орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет