Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары



бет1/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәнекер ұлпалары


Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары

Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары көп торшалы жануарлардың алғашқы даму сатыларында эпителий ұлпаларымен қатар дамып жетілген көне құрылымдарға жатады. Ішкі орта ұлпаларына тірі сұйық ұлпалар (қан, лимфа), дәнекер ұлпалары (ретикулады, май, борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпалары), қаңқа дәнекер ұлпалары (шеміршек, сүйек ұлпалары) жатады. Аталған ұлпалардың барлығы құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Олар торшалардан және олардың өнімдері – торшааралық заттап тұрады. Ішкі орта ұлпалары торшаларында эпителиоциттермен салыстырғанда полярлық айырмашылықтар (эндотедиоциттерден басқаларында) болмайды. Торшааралық заттар ұлпа торшаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан торшаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, торшааралық заттар ішкі орта ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Жануарлар организмдерінде құрамында ішкі орта ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелері болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, олар біріктіріп бір тұтас етеін стромасын құрайды, әр түрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттеп сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Барлық ішкі орта ұлпалары эмбриондық дәнекер ұлпасы – мезенхимадан дамып жетіледі.

Мезенхима – негізінен мезодерманың дерматом, склеротом, спланхнотом бөліктерінен және ұрықтың бас аумағындағы эктодерма туындысы – ганглионды пластинкадан (нейромезенхима) дамып, ұрықтың ішкі ортасын қалыптастыратын дәнекер ұлпасы. Ол бір-бірімен өзара өсінділері арқылы жанасып, торшалар байланысы (синцитий) тәрізді құрылым түзетін тармақты өсінділі торшалардан құралған. Мезенхима торшалары аралығындағы кеңістіктерде, іштегі дамудың алғашқы сатыларында ұрық организміндегі зет алмасу процестерін іс жүзіне асыратын негізгі аморфты (пішінсіз) зат орналасады. Мезенхима торшалары митоз арқылы жедел көбейіп, ұрық организмінде жетілетін мезенхиманың туынды ұлпаларына айналады. Мезенхимадан бірінші кезекте зат алмасу, тасымалдау және қоғаныс қызметтерін атқаратын тамырлар жүйесі мен қан түзіледі.

Эндотелий – қан және лимфа тамырлары мен жүректің ішкі бетін астарлайтын мезенхима туындысы. Ол бір-бірімен тығыз байланысып бір қабатта орналасқан, ұзынша келген (ұзындығы 5-175 мкм) жұқа (биіктігі 1-5 мкм) торшалар – эндотелиоциттерге ұқсас, оларда полярлық айырмашылықтар бар. Олардың тамырлар қуысына қарағанда апикальды ұшында микробүрлер мен цитоплазмасында пиноцитозды көпіршіктер болады. Аппақ құрылымдардың болуы эндотелиоциттердің зат алмасу процесіне белсенді қатысатындығының айғағы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет