Дерісін жоспарлау



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі18,58 Kb.
#21653
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Сабақты жоспарлау

Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен уәждеріне, мүдделері мен дағдыларына, оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмейтін. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, тұлғалық дербестігін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.

Мұғалімдер барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескергені жөн:

- Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.

- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу керек. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан дамытуға мүмкіндік береді.

- Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы керек. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болады.


Сабақ жоспарында мұғалім:

- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;

- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөліктерін қамтуы (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
28

- логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар бойынша толық ақпарат ұсынуы;

- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуы;

- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет