Сабақтың тақырыбы: Әлем мойындаған рекорд. Адамзат жаңалығы. Ұлы
Өнертапқыш
Рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енген қандай
қазақстандықты білесіңдер?
1 – тапсырма. Оқулықтан мәтінді оқып, рекордшы Марат Жыланбаевтың шеберлігі туралы пікір алмасыңдар.
Пікір алмасу
Пікір алмасу көпшілік алдында өтеді. Мақсаты – әртүрлі әрекеттерді салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін табу. Пікір алмасу – дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар бір пікірге көздері жеткендіктен де өздері келеді.
2 – тапсырма. Ережені оқып, пікір алмасуға өз сөздеріңмен бір сөйлеммен анықтама беріңдер.
Есте сақта!
Көркемдеу тәсілдері: теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора, метонимия, меңзеу(синекдоха), параллелизм, антитеза, инверсия, қайталау, риторикалық сұрақтар және т.б. Бұл көркемдік құралдары- шешендік сөздің тілдік белгілері. Сөзді көркемдеу тәсілдерінің ішінде ең пәрмендісі – теңеу.
Шешеннің көркем ойлауының, дүниетанымының ұлттық ерекшелігі теңеуден көрінеді. Теңеу – затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыруға негізделген көркемдеу тәсілі. Мысалы: Қызықтырар білім көздің құртындай, ой – орданың келіп қонған жұртындай ( Ж.Баласағұн).
3 – тапсырма. Көркем әдебиеттерден көркемдік құралдары бар сөйлемдерді тауып жазыңдар.
А) Теңеу сөздерді тауып,жазыңдар. Қандай мағынада қолданылғанын түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |