Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет1/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315


 

ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ 

 

«Бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру 

әдістемесі» пәнінің мақсаты, міндеттері және құрылымы.  

Еліміздің  білім  беру  жүйесін  дамыту  стратегиясы    «Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму 

талаптарына  сай  жастардың  бойында  білімділік  пен  бәсекеге  қабілеттілік 

қасиеттерді  қалыптастыруға  бағытталып  отыр.  Жаңа  экономикалық 

қатынастардың  үдемелі  инновациялық    сипаты  адам  капиталын  дамытуды 

алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.  

Білім  берудің  жаңа  мазмұны  мен  нәтижелері  білім  алушының  қоғами 

ортадан өз орнын бағдарлауға,  білім мазмұны мен  пәндерді өзі таңдауына 

бағытталған.  Мектепте  балаларды  оқытудың  жекелік    сипаты  мен   

оқушының  мүмкіндіктерін  дамыта  отырып,  өз  бетімен  білім  алуын 

ұйымдастыру  талаптары    жаңа  формациядағы  мұғалімдерді,  олардың 

жаңаша ойлау әрекеттері мен зерттеушілік  ұстанымдарын қалыптастыруды  

көздейді.    Бұл  инновациялық  үдерістер  болашақ  педагогтарды  даярлайтын 

университеттердегі  білім  беру  мазмұнын    жаңғыртуды  қажет  ететіні  сөзсіз. 

Сонымен қатар, жаңа өзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана 

емес,  әдістемелік  және  технологиялық  қайта  құруларды  қамтамасыз  ететін 

логикасын  айқындап,  білім  берудің  жаңа  нәтижелеріне  сай      оларды  тиімді 

ұйымдастыру қызметін белгілейді. Педагогикалық мамандықтар даярлайтын 

жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  бағдарламаларына  оқытудың  жаңа 

технологиялары  мен  әдістемелерін  меңгертуге  арналған    пәндер  енгізу 

бүгінгі қоғам сұранысына жауап беру қажеттігінен туындауда.  

Ұсынылып  отырған  «Білім  беру  аймағындағы  жобалау»  пәні  білім 

берудің  жаңа парадигмасына сай оқытудағы негізгі бағыттардың бірі - 

педагогтың  білім  берушілік  ролі  өзгеруін  теориялық  және  әдістемелік  

тұрғыдан    қамтамасыз  етуге  бағытталған.    Біздің  ойымызша,  курстың 

теориялық және әдістемелік мазмұны бүгінгі өркениеттің ерекшелігіне 

сай    болашақ  педагогтар  үшін  жаңаша  ойлау  мен  зерттеушілік  іс  – 

әрекет  дағдыларын  айқындауда,  ізденушілік  пен  инновациялыққа 

ұмтылуда, қалыптасқан стереотиптегі түсініктерін өзгертуде белгілі бір 

дәрежеде  ықпал  етері  сөзсіз.  Соған  орай,  бұл  пән  болашақ 

мұғалімдердің өз әрекетін кәсіби қалыптасудың басты ресурсы ретінде 

ұйымдастыра отырып,  оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан даярлауға 

мүмкіндік береді  деп есептейміз. 

 Курстың  мақсаты:  Құзыреттілік  нәтижелеріне  бағытталған  12-

жылдық      білім  беруге  көшуге  даярлық  барысында  болашақ  педагогтарға 

жаңаша ойлау мен  іс – әрекеттік дағдыларын  қалыптастыру үшін оқытудың 

жаңа әдістерін игерту,  өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде 

жобалау  әрекетіне  үйрете  отырып,  оларды  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан 




даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас 

мәдениетіне қызығушылығын дамыту. 

 Курстың міндеттері: 

-  студенттерді    білім  беру  аймағындағы  жобалау  әрекетінің  мәнін 

тануға бағдарлау

-  білім 

беру  аймағындағы  жобалау  әрекетінің  тұғырларын, 

ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету; 

-  білім  беру  үдерісінің  мақсаттары  мен  мазмұнын  жобалауда 

орындалатын талаптарды орындауға үйрету; 

-  педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде 

жобалау  әрекетінің  әдістерін  қолдануды  меңгеру  мен  біліктілікті 

қалыптастыру; 

-  оқушылардың жобалау әрекеті логикасын үйрету; 

-  негізгі  білім  беру  бағдарламалары,  олардың  құрылымы,  типтері, 

жалпы  орта  білім  берудің    стандарттарын  жасау  негіздерімен 

таныстыру; 

-  білім беру аймағындағы жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды 

жасауға және талдауға үйрету. 

 «Оқытудағы  жобалау  және  оқушылардың  жобалау  әрекеттерін 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет