Дәрістің жоспары



бет1/6
Дата27.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#130410
  1   2   3   4   5   6

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ

  • Атмосфераның ластану себебтері.
  • Атмосфераның нормативтік сапасы.
  • Шаң, газ лақтырыстарды тазалаудың әдісі және тәсілі:
  • 3.1 құрғақ түрде шаңды ұстау;

    3.2 сулы түрде шаңды аулағыштар;

    3.3 электросүзгілер;

    3.4 химиялық түрде тазалау;

    3.5 термиялық әдіс.


ЛАСТАУ КӨЗДЕР
Табиғи (шаңмен ластау, табиғи құбылыстар қорытындысында
әр түрлі аэрозольдермен ластану: жанар тауның атылуы,
тау-кенді жыныстарыдың желденуі, өрт және басқалары)

Антропогенді (ауаны антропогенді ластауға көліктер және
өнеркәсіптік кәсіпорындар көп зиянын тигізеді)
ЛАСТАУ КӨЗДЕР
Стационарлы:
өнеркәсіптік кәсіпорындар,
үйінділер, қалдықтарды сақтау
қоймалары, әр түрлі өнімдер
сақталатын қоймалар
Стационарлы емес:
көліктің барлық түрлері
Ұйымдастырылған:
тұрақты орны және
трубасы бар жерлер
Ұйымдастырылмаған:
трубалары жоқ, бірақ та тұрақты
орны бар (үйінділер, қоймалар)
немесе қозғалмалы ластаушы көздер
(көліктер)
ЛЗ үлес
Улы газ
31,9%
Азот оксиді
1,1%
Өлшенген
қатты
бөліктер
28,3%
Күкірт
оксиді (II)
27%

ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР

Улы газ (СО) қан гемоглобиніне әсер етіп организмге оттегінің түсуіне әрекет жасайды, осыған байланысты көміртегімен ашығу және адамның өлуіне әкеп соғады. Ауыр жұмыс жасау кезінде көп мөлшерлі улы газды жұтқаннан миокард инфаркті болуы ықтимал. Улы газ және этиленнің араласуынан өсімдіктер дем ала алмайды және оның жапырақтары түсіп, өсімдік өледі.

ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР

Күкірт оксиді (IV) (SO2), атмосфераға түскеннен кейін, күн сәулелерінің әсерінен ауа отегісімен химиялық реакцияға түсіп күкірт оксидіне айналады (VI) SO3. Қайта пайда болған күкірт оксиді сулы бумен әрекеттесіп, күкіртті қышқылға H2SO4 айналады, ол жерге тұнбалармен түсіп, топырақ, флора, фауна, ғимараттар, коммуникацияларға зиянды әсер етеді. Қышқылды жаңбырлар табиғатты ластайтын ең ауыр түр ретінде болып келеді. Топырақтың қышқылдануының қорытындысында өнімділік төмендейді. Суаттардың қышқылдануының жоғарлауы ондағы балық және басқа мекендеушілердің жойылуына әкеледі. Ауаны ластайтын қосындылар газдардан да зиянды, өйткені олардың қарым-қатынасынан жаңа улы заттар пайда болады. Улы тұман осы айтылған жағдайға байланысты мысал болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет