Дәрістің мақсаты: Анатомияны білудің дәрігерге қажеттілігін мотивациялау



бет1/7
Дата18.10.2023
өлшемі22,09 Kb.
#118449
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәрістің мақсаты-emirsaba.org


Дәрістің мақсаты

1 дәріс: Анатомия пәніне кіріспе. Тірек қимыл аппаратының жалпы анатомиясы Дәріс оқушы: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Сулейменова Фатима Мәшімқызы

Дәрістің мақсаты:


  • Анатомияны білудің дәрігерге қажеттілігін мотивациялау.

  • Адам денесінің тірек – қимыл аппаратының қалыптасуын филогенезде, онтогенезде көрсету және жалпы құрылысымен таныстыру.

Дәріс жоспары:


  • Анатомияға жүйелі анықтама беру және басқа биологиялық ғылымдар арасындағы оның ролін көрсету.

  • Анатомияның зерттеу әдістері.

  • Адам ағзасының құрылысы туралы жалпы мәліметтер.

  • Тірек-қимыл аппаратына жалпы сипаттама

  • Анатомия-Anatemno кесу, тілу деген сөзден шыққан.

  • Адам анатомиясы – адам организмінің пішіні мен құрылысын зерттейтін ғылым.

  • Адам анатомиясы адам организмінің пішіні мен құрылысын, оның даму заңдылықтарына сәйкес, сыртқы және ішкі ортаның әсері мен атқаратын қызметтеріне байланысты зерттейтін ғылым.


  • Медицинаны білу – адам анатомиясын оқудан басталады.

  • Дәрігерлерге теориялық және клиникалық білім беруде, адам анатомиясы негізгі пән болып табылады. Өйткені, кез келген маман өзінің саласы бойынша мүшелердің қалыпты құрылысын, пішінін, топографиялық анатомиясын білуі тиіс. Сонда ғана, салыстырмалы түрде патологиялық жағдайды анықтап, дұрыс диагноз қоя алады және емдейді.

  • Ертедегі Грецияның атақты дәрігері, физиологы, философы Гиппократ(б.э.д. 460-377ж) – “Адам денесінің құрылысын зерттеу – медицинаның бастапқы негізі”

  • Везалий Андрей (16 ғасыр) – “Анатомиясыз ешқандай медицина жоқ”

  • Москва университетінің анатомы, профессор Мухин Е.О.(1766-1850ж) – “Анатомияны білмеген дәрігер тек пайдасыз ғана емес, ол өте зиянды және қауіпті”
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет