Dermandar – фотосуреттерді 1–2 рет қана шерту арқылы, оларды панорамаға айналдыратын веб-сайт.

http://www.dermandar.com
Dermandar-де жұмыс жасау үшін веб-сайтқа өтіп, екі опцияның бірін (360°-ты немесе кең бұрышты шолу) таңдау керек. Қажетті фотосуреттерді жүктеп, құралдың оларды желімдеуі үшін бірнеше секунд күтеміз. Нәтижесінде, тінтуір көмегімен бір бұрыштан екінші бұрышқа қозғалатын панорама алынады. Fullscreen батырмасы бейнені кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал Options батырмасы арқылы файлды компьютерге JPEG форматында сақтаймыз.

Dermandar – онлайнсервисінде 3D панорама жасаудың толық сипаттамасы.
Оның көмегімен екі түрлі панорамалы суреттерді жасауға болады – 360° (іске қосылған кадрлардың оңтайлы саны – 6) және кеңбұрышты панорама (3 кадр). Сапалы, анық және әдемі панорама жасау үшін, өлшемдері бірдей көп кадрды пайдалану ұсынылады. Әдетте, олар А–Я принципі бойынша сұрыпталады, яғни алғашқы сурет 1.jpg және алты фотосуреттен панорама жасаған жағдайда, соңғы 6.jpg деп аталуы керек. Бұл сервиспен жұмыс істеу принципі күрделі емес. Ол үшін басты беттегі Create Your Panorama-ны басу жеткілікті, әрі қарай панораманың қажетті типі орнатылады. Содан кейін фотосуреттерді жүктеудің сұхбат терезесі пайда болады, бірақ жүктеу тәртібі туралы ұмытпаған жөн (А...Я). Бірнеше секунд немесе минуттан кейін экранда панорама пайда болады, содан кейін сервис оны қолданудың бірнеше нұсқасын ұсынады (41-сурет):
Мысалы, құрылған панораманы сервиске жүктеуге немесе сілтеме көмегімен жеке сайтқа орналастыруға болады. Ол үшін Dermandar сервисіне жұмысты бастамас бұрын тіркелу қажет. Алынған панораманы компьютерге сақтауға да болады. Егер оны веб-сайтқа қою керек болса, Youtube немесе басқа ұқсас сервистердегі сияқты Embed Code көшіру керек (42-сурет).