3D-панорама және (виртуалды саяхат) жасау 3D панорама



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі1,92 Mb.
#133921
  1   2   3
Байланысты:
f61dd464eeb0a1


3D-панорама және (виртуалды саяхат) жасау
3D панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°-тық бейнесі. 3D панорамада көру бағытын өзгертуге, суретті үлкейтуге, жеке бөлшектерді қарауға болады.
Жазық панорама
Сфера-
лық панорама
Цилиндр-
лік панорама (циклора-
ма)
Текшелі панора-
ма
3D панораманың түрлері
1.Жазық панорама – бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет.
2.Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен 360° және тігінен 180°-­ты қамтиды. Ол айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шекараларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымалдау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
Виртуалды турлар (3D тур) – бір 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы. Мұндай турлар музыкамен, кадрдан тыс дыбыспен, видеороликтермен, жазбалармен және т.б. толықтырылуы мүмкін.
3D турларды жасау үш кезеңде өтеді:
• объектіні суретке түсіру, бірнеше суреттер алу; • суреттерді өңдеу; • виртуалды турды жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет