Дерматоскопия Тіллабай Руслан Дерматоскопия – бұл инвазивті емес диагностикалық әдіс болып табылады, оның арқасында бірнеше рет ұлғайған кездегі ісіктерді көрнекі тексеру мүмкіндігі пайда болды. Ол эпидермистің түсі мен құрылымын көруге мүмкіндік



Дата14.09.2023
өлшемі2,76 Mb.
#107790

«Астана медицина университеті»АҚ Онкология кафедрасы Дерматоскопия Тіллабай Руслан

Дерматоскопия – бұл инвазивті емес диагностикалық әдіс болып табылады, оның арқасында бірнеше рет ұлғайған кездегі ісіктерді көрнекі тексеру мүмкіндігі пайда болды. Ол эпидермистің түсі мен құрылымын көруге мүмкіндік береді. Мұның бәрін «жай көзбен» ғана қарау мүмкін емес. Тәжірибе мен қажетті дағдылар болса, қатерлі ісіктерді диагностикалаудың дерматоскопиялық әдісінің дәлдігі өте жоғары.

Дерматоскопия жасауға көрсеткіштер:Терісі аққұба немесе сары ,шаштары ашық не сары түсті пациенттер;  Денесінде меңдері,секпілдері мен тері пигментациясы көп адамдар;  Қарт,егде жастағы науқастар;  Генетикалық бейімділігі бар науқастар(отбасында меланома,тері рагы болса);  Күн астында ұзақ жүретін науқастарға;  Үнемі механикалық зақымға ұшырайтын(киіммен ысқылануы) меңі бар науқастарға;  Онкологиялық ауруы бар,онкомаркерлері оң науқастарға; Сонымен қатар дерматоскопия невустарды алып тастау алдында,жаңа құрылым пйда болғанда,бұрынғы меңнің өзгеріске ұшырауында(ассиметрия,терісі түсуі,қабынуы,қышуы,қанғыштығы пайда болса) міндетті түрде жасалуы қажет. Қарсы көрсеткіштері: Дерматоскопия түгелімен қауіпсіз,және қарсы көрсетілімдері мүлде жоқ деуге болады. Аяғы ауыр,бала емізетін әйелдерге,балаларға жасауға да болады.


АВСDE жүйесі арқылы бағаланады:
Дерматоскопия қалай жасалады:
Дерматоскопия инвазивті емес,30 минутқа созылатын ауырсыну мен дискомфорт тудырмайтын зерттеу әдісі болып табылады.
Процедураны орындау барысында дәрігер невустың(мең,қал),тері пигментациясының көлемін,шеттерінің контурын,тері қабаттарына ену тереңдігін дерматоскопты теріге тақап қарау арқылы бағалайды.Әрбір невус науқастың жеке невустар картасына енгізіліп,кейін оны алып тастау үшіни ары қарай бақылауда болады.Невустар диагностикасы FotoFinder 30 минуттай уақытты алып,арнайы дайындықты қажет етпейді.Автоматты түрде әрбір невус науқастың невустар картасына енгізіліп,жасанды интеллект арқылы аналитика жасалады.Нәтижесінде науқастың невустарының алынып тасталатын және ары қарайғы күтімді талап ететін көрсеткіштері жасатын болады.Бұл әдіс арқылы қауіпті невустарды 99% жағдай анықтап,емдеу – алдын алу шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Дерматоскопияны диагностикасы үшін қолданады: кератома или күн кератозы; гемангиома или ангиома; папиллома, сүйелдер.

Дерматоскопияның артықшылықтары:  Бұл әдіс жаңа түзілістердің кез-келген көлемдегі түрлерін зерттеуге мүмкіндік береді;  Толықтай ауырсынусыз,анестезия,хирургиялық араласуларсыз;  99% дәлдікке ие;  Алдын ала дайындық қажет емес және 30 минут қана;  Дәрігер зерттеу барысында ары қарайғы зерттеу,емдеу жоспарын құрастыра алады.  Бұл әдіске қарсы көрсетілімдер жоқ  Толықтай автоматтандырылған нәтиже алуға ыңғайлы және дәлдігі жоғары;



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет