Экологиялық апат өңірлері



бет1/3
Дата15.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#57569
  1   2   3
Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Экологиялық апат өңірлері Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған жəне қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген Арал жəне Семей өңiрлерi экологиялық апат өңірлері болып жарияланды. Экологиялық апат өңірлері елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың жəне адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сəбилер арасындағы кеселдердiң жəне ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Арал өңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) əсiресе əйелдер жəне балалар арасында асқазанiшек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологиялардың жоғары деңгейi байқалуда.
Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне қатердi жою мақсатында экологиялық апат аймақтарындағы халықтың əлеуметтiк-экономикалық жəне экологиялық жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды əзiрлеу жəне аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар жəне өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға əсерiнiң салдарын ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын жəне Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiнде ұсыныстар əзiрлеудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы №182 Өкiмiмен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырды.
Каспий теңiзi қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар Каспий теңiзі бассейнi мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын кеңiнен игеруi теңiз жəне жағалау маңы экожүйелерiне терiс əсер ауқымын ұлғайтуда. Теңiздiң қазақстандық секторында көмiрсутегi шикiзатын алдағы кезде баса игеру елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне қатер төндiруі ықтимал.
Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасын қорғау жөнiндегi үлгiлiк конвенция мен басымдық iс-қимылдардың өңiрлiк стратегиясы Каспий теңiзiнiң коммерциялық ресурстарын пайдалану жəне Каспий маңы елдерiнiң экожүйелерді қорғау жөнiндегi алдағы iс-шараларға қатысты өзара ортақ iс-əрекеттері бойынша негiзгi бағыттарын айқындады.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз жəне жағалау маңы экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын шектi деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулердi жүргiзу, геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын жəне басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газдарды алауларда жағуды жəне мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алмай көмудi тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.
Зерттеулер нəтижесi бойынша Каспий қорық аймағын өңірлерге бөлудi қоса алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық қызметiн қамтамасыз ететiн нақты нормативтiк экологиялық талаптар əзiрлеу іске асырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет