«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты прездент жолдауы Мақсаты



бет1/4
Дата16.04.2023
өлшемі37,11 Kb.
#83303
  1   2   3   4
Байланысты:
Әділетті мемлекет


«Әділетті мемлекет . Біртұтас ұлт . Берекелі қоғам » атты прездент жолдауы.
.
Мақсаты: Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадамы Президентіміздің халыққа жолдауымен таныстыру болды.
Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласс екендігі.
Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынастзгертуді қажет ететіні. 
Көрнекілік: Президент Қ.К Тоқаевтің фото суреті , презенция
Бірінші бағдар. Жаңа экономикалық саясат.
Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.
Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:
– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;
– сондай-ақ ұлттық табысты әділ бөлу.
Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді.
Бірінші. Бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Сондай-ақ тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді етеді.
.
Екінші. Экономиканы одан ары монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау қажет.
«Конгломерат» ұғымын заң жүзінде айқындап алған жөн.
Нарықтың өзара байланысты субъектілері экономикалық әлеуетін бір жерге шоғырландыру үшін рұқсат алуға міндетті.
Олардың барлық мәмілесін, соның ішінде нарыққа тән емес бағаларды қолдану белгілері бойынша жасалған келісімдерін де мұқият тексеру керек. 
Бірыңғай операторлардың қызметі нарықтық экономиканы дамытуға кері әсер етеді. Сондықтан бұл институтты ретке келтірген жөн. 
Қазір жұмыс істеп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру қажет немесе монополист деп танып, қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық аясында реттеу керек.
Үшінші. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты.
Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді.
Оның ең түйткілді тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға тиіс.
Төртінші. Салық саясатының тиімді болуы кеден жұмысының ашықтығына тығыз байланысты.
Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелерді толық біріктіру ісін аяқтау маңызды.
Келесі мәселе.
Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі.
Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. 
Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс.
Бесінші. Біз «көрпеге қарай көсілу» қажет екенін ұмытпауымыз керек.
Бюджет саясатына реформа жасалады.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс.
Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет.
Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. 
Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек.
Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды.
Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн.
Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет.
Келесі мәселе.
Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді.

Жетінші. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. 
Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. 
Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс.
Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет.
Сегізінші. Несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін үлкен проблема болып отыр.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 42 миллиард долларға жуық қаражат жетіспейді. 
Сөйте тұра, банктерде триллиондаған теңге қаржы іс жүзінде экономикаға еш пайдасын тигізбей босқа жатыр. 
Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Үкімет бірлесіп, нақты секторды тұрақты әрі қолжетімді несиемен қамтамасыз ететін нақты шешімдер қабылдауға тиіс.
Ұлттық банк қазіргі ахуалдың өте күрделі екенін ескере отырып, барынша икемді қимылдауы, тіпті тапқырлық танытуы керек.
Шетелдерде бұған қатысты оң тәжірибелер бар.
Тоғызыншы. Өнім өндіру үшін, ең алдымен, жер керек. 
Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды.
Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс.
Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек.
Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет.
Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. 
Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет