Офтальмология
Есеп 1
Науқастың көзіне өндіріс орнында күкірт қышқылы тамған. Зардап шегуші көзін өзі жуып тастаған. Тексеру кезінде конъюнктиваның қызаруы, ісінуы, сұр түсті аумақтары бар, қасаң қабық бұлдыр күңгірт шыныдай болып көрінеді. Диагноз. Емдеу тактикасы
Диагноз : Коньюктиваның 1-ші дәрежелі , қасаң қабықтың 3 – ші дәрежелі химиялық күйігі
Есеп 2
Жасөспірім көзінен жұдырықпен соққы алды. Көруінің төмендегеніне, көз алдындағы «дақты» сезінетіндігіне шағымданды. Тексеру кезінде көздің алдыңғы кесіндісі патологиясыз. Өтпелі жарықта әлсіреген рефлекс барысында көз түбінде қалқыған қою түсті бұлыңғырланулар көрінеді. Ең ықтималды диагноз қандай?
Диагноз : Көз алмасының контузиялық гемофтальмі
Есеп 3
19 жастағы науқас ымырт түсумен көрудің нашарлауына шағымданады. Екі көздің көру өткірлігі 1,0-ге тең, рефракциясы эмметропиялық, көру кеңістігі 20° - дейін тарылған. Көз алмасының алдыңғы сегменті өзгермеген. Оптикалық орталары мөлдір. Көз түбінде: көру нервінің дискі балауыздай реңкті, тор тор қабықта сүйек денешектері елестетін қара-қоныр ошақтар, артериялар тарылған. Ең ықтимал диагноз ? Емдеу
Диагноз : Тор қабықтың пигменттік дегенерациясы
Есеп 4
Науқаста оң жақ көздің ішкі бұрышы маңайындағы ауруға, дене қызуының жоғарлағанына, бас ауруына және жалпы әлсіздікке шағымы бар. Об-ті: ОД- жас қалташасының манында қызару, ісік және күрт ауырсыну, көз саңылау жабылған. Ісік қабақтарға,мұрын мен бет тіндеріне жайылған. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы.
Диагноз : Оң жақ көздің жас қалташасының флегмонасы
Есеп 5
Сол жақтан қабақ жарақатын алған науқас жас ағу, жастың тұрып қалуы, көзінің қызаруына шағымданды. Тексеру кезінде төменгі қабақтың көз алмасына іргелес еместігі, соның салдарынан жас нүктесі жас көлшігіне батпағандығы, көз алмасының беттік инъекциясы, төменгі қабақ конъюнктивасы қабыршықталғаны, жастың тұрып қалатындығы анықталды. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы
Достарыңызбен бөлісу: |