Туремурат Нурлыбек 8 «Б» сынып оқушысы, тұрғылықты мекен-жайы Жібек жолы ауылы, Мерей саяжайында тұрады.
Диагнозы: ЦП, правосторонний гемиопарез, ср.ст.тяжести.Симпоматическая эпилепсия. Легкая умственная отсталость.
Үйден оқитын арнайы ЕБҚ білім алушылара арналған үлгілік оқу бағдарламалары (негізгі орта білім) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрығына 78-қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 518-қосымша негізінде 8 «Б» сынып оқушысы Туремурат Нурлыбекке «Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған сыныптары үшін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» күнтізбелік тақырыптық жоспар жасалып оқытылды.
Оқу құралдарын дайындап отырады. Нурлыбектің сабаққа көңіл бөлуі, қызығушылығы, ынтасы ,білімге деген ұмтылысы жақсы, бірақ есте сақтау деңгейі нашар. «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» сабағында тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары бойынша тапсырмаларды орындағанды жақсы көреді. Үйге берілген тапсырманы Нурлыбек өз еркімен қатесіз орындай алмағандықтан көбіне отбасы мүшелерінің көмегімен орындап келеді, себебі өткен тапсырмаларды есте сақтай алмайды. Жазу каллиграфиясы нашар, орфоргафиялық қателіктерге жол береді. Берілген айтылым тапсырмаларын өмірден мысалдар келтіре отырып, өз деңгейінше орындауға тырысады. Сабақ барысында сол уақытта орындағанымен мұғалімнің көмегінсіз орындауда қиналады.
Отбасының қолдауы жоғары. Нурлыбек оқулықтары мен дәптерін таза ұстайды. Денсаулығына байланысты сабақ барысында өзін әлсіз сезініп тұрса партаға басын қойып, ұйықтап қалатын сәттері де болады. Нурлыбектің мінез-құлқы жақсы, мейірімді, көбінесе көңілді отырады. Жиі мақтағанды жақсы көреді. Үлкенді сыйлай біледі.