Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері: қабілеті, сана- сезімі, ақыл- ойы, мінезі, қызығушылығы, іс -әрекет



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі80,4 Kb.
#72965
  1   2   3
Байланысты:
Бікірбай С

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері: қабілеті, сана- сезімі, ақыл- ойы, мінезі, қызығушылығы, іс -әрекет

Орындаған:Бікірбай Сағадат

Тұлға туралы жалпы ұғым 

Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері

Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

Қабілет туралы жалпы ұғым

Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз.

Қабілеттің дамуы мен кӛрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар ӛнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, ӛнер, ӛндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Таланттыадам да жасампаз, бірақ ӛзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және ӛнерде, ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет