Байланысты: Диэлектриктердің механикалық қасиеттері
Диэлектриктердің механикалық қасиеттері Электроизоляцияланған материалдардың бөлшектерін механикалық күштер әсерлейді, сондықтан механикалық мінездемелер практикалық үлкен мәнге ие болады.
Беріктік шектерінің мәні СИ жүйесінде Паскальмен анықталады . Құрамы анизотропты заттардың механикалық беріктігі жүктеменің бағытына байланысты, әсіресе көп қабатты диэлектриктерде. Кейбір заттардың ұзақ уақыт арасында жүктеменің әсерінен деформация басталса, сол құбылысты заттың «суық ағуы» дейді.
Морттық – пластикалық деформациясыз күш әсерінен қирайтын (сынатын) қабілет. Кейбір материалдар статикалық күштерге төтеп беретін беріктікпен сипатталғанымен, динамикалық күштерге тез–ақ морт сынады. Динамикалық жүктемелерге беріктікті бағалау үшін ұрып майыстыру сынағын жүргізеді. Ұруға қарсылық тұтқырлық δұт – ол үлгіні сындыруға жұмсалған күштің W үлгінің қимасының ауданына S қатынасы, өлшем бірлігі СИ жүйесінде
Қаттылық – материалдың бейімділігі кішкентай заттар арқасында берілген қысу күшіне төтеп береді. Бринель заңы бойынша қаттылық 5мм болаттан жасалған шариктің арқасында қысу күштің әсерінен заттың бетінде қалған іздің тереңдігімен және төмендегі көрсетілген теңдікпен анықталады.
Тұтқырлық. Динамикалық тұтқырлық немесе ішкі үйкеліс коэффициенті, динамикалық тұтқырлық бірқатар заңдылықтарға кіреді. Пуазель заңы – тұтқыр сұйықтардың капиллярлы түтіктер арқылы ағуы. Стокс заңы – шариктің тұрақты күш әсерінен тұтқыр ортадағы қозғалысы. Динамикалық тұтқырлық η СИ жүйесінде паскальдың секундқа көбейтіндісімен өлшенеді. Бұл жерде тұрақталған шариктің жылдамдығы