Дін мен дәстүр сабақтастығы Салт-дәстүр



Дата21.10.2022
өлшемі3,15 Mb.
#44540
түріСабақ

Дін мен дәстүр сабақтастығы

Салт-дәстүр

Салт-дәстүр әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірінің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез құлыұ ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін термин жатады .

Дін мен дәстүрдің қоғамдағы орны қандай ?

• Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

Дәстүр – ұлтты рухани

жандандырып, оның ішкі және

сыртқы келбетін өрнектеп,

көрсетіп тұратын сипаттар.

Аллаһ Тағала

قال الله تعالى: "أيها الناس خلقناكم من ذكر وأنثى وجعلناكم شعوباً وقبائل لتعارفوا بعضكم بعضاً.

“Әй,адам баласы ! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың.

Шексіз, Алла толық білуші, әр нәрседен

хабар алушы.”

Құдай Тағала

адамзатты түрлі ұлттарға

бір бірлерін танулары үшін бөлген.

Қазақтың салт-дәстүрі

Шарана шайқау — Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбішелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кәдесінде «шарана шайқау» деп атайды.

Кіндік шеше- Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туу үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.

Құйрық-бауыр - жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген нанымды ырым жатыр.

Қазақ ырымында құдалық бекіспей тұрып, әсте «құйрық-бауыр» жемейді. Құдалық бекіп құйрық-бауыр жескен соң екі жақта әсте айнымайды.

Ислам ғалымдарының бірі Имам ибн Ғабидин:

Ислам ғалымдарының бірі Имам ибн Ғабидин:

«Ислам шариғатында, «әлғурф» (ғұрып) және «әл-ғада» (әдет) деп аталатын, адамдар арасында қалыптасқан салт пен дәстүрді айқындайтын үкімдер бар» -деген.

Ал, Имам Сарахси хазірет:

Шариғатқа қарсы келмеген әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе, шариғатпен бекітілгенмен тең болады!» -деген. Егер әдет-ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған Ислам тыйым салмайды.

Халқымызда: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»

деген керемет нақыл бар.

Осыған орай: ғұрыптардың барлығы дерлік

әлбетте бірдей емес. Сол үшін де,

оларға бір жақты қарауға әсте болмайды.

Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар

Қазан Жаппа – ұлттық тағам, нан. Табаға, қазанға пісіріледі. Ертеректе жалпақ тас та қазан жаппа әзірлеуге пайдаланылған. Алдымен қамыр дайындалады. Бабына келген қамыр белгілі бір көлемде бөлініп, қазанға сиятындай мөлшерде, дөңгелектене жалпайтылады. Одан кейін қамыр жабыспас үшін қазан түбіне май жағылып, әбден қыздырылған қазанға салып, екі жағын кезек-кезек аударып, бетін қақпақпен жауып қояды. Қазан жаппа кей жерлерде қарыма нан деп те аталады.

Қарын бүрме – кесектеп туралған етті өзінің майы мен сөліне бұқтырып дайындайтын (пісірілетін) тағам түрі. Жергілікті жерлерде мұндай тағамды «бөртпе», «көмбе», «қарын бөртпе» деп те атайды. Байырғы ортада осындай тәсілмен пісірілген етті суыған соң қарынға салып, тоңазытып қойып, көп ретте сапарға шыққан жолаушылар жолазыққа тұтынған.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет