Диплом жұмысы немесе жоба мәтінін даярлау



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі21,34 Kb.
#43195
түріДиплом
  1   2   3

Диплом жұмысы немесе жоба мәтінін даярлау
1.Дипломдық жұмыс (жоба) бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын менбілім беру бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған болса, академиялықкүнтізбеге сәйкес оқытудың қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысыболып табылады.
2. Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті ғылым саласындағы нақты мамандықтың өзектіпроблемасын өз бетінше зерделеу және зерттеу нәтижелерін қорытындылауды білдіреді.
3. Дипломдық жұмыстар (жобалар) мәтініне қатысты кафедрада плагиаттық тексеруденөтуі тиіс. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдықжұмыстар (жобалар), мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтіндіпайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдердің және пікірлердіңсинонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану)нысанына тексеруден өтеді. Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидалары ментәртібін академия бекітеді. Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелеріндетексерілген дипломдық жұмыстар (жобалар), Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалықсараптама орталығының базасында сақталады.
4. Диплом жұмысы мынадай мақсатта орындалады:
1) Мамандық бойынша теориялық білімі және тәжірибелік дағдыны жүйелеуге, бекіту менкеңейтуге және ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік сонымен қатар өнер мен мәдениет саласындағы мақсаттарды шешуге;
2) Ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелердішешу кезіндегі эксперимент жасау және ғылыми зерттеу әдістемесін меңгере білуге;
3) Студенттің заманауи өндіріс, ғылым, техника, өнер мен мәдениет, сонымен қатар оныңкәсіптік құзырлылық жағдайындағы өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын анықтау;
5. Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселесін,зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;
6. Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және келесі талаптарғажауап беруі тиіс:
-ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда өнер қайраткерлері менинженерлер, конструкторлармен, менеджерлер, экономистермен бірге өткізілгензерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;
- зерттелген объктілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;
- нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет