Заманауи индустрия: ұлттық өндіріс жетістіктері



Дата24.04.2023
өлшемі13,93 Kb.
#86130
түріСабақ


Автор: Бөлекеева Назерке Қуанарқызы
Пән: Қазақ тілі (Т1)
Сынып: 10-сынып
Бөлім: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
Тақырып: Заманауи индустрия: ұлттық өндіріс жетістіктері

Заманауи индустрия: ұлттық өндіріс жетістіктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламаларына сілтеме жасай отырып)
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді мұқият оқи отырып, мазмұндай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін бойынша ойын жеткізе отырып, көтерілген мәселені анықтайды, сұрақ құрастыра алады. 
Кейбір оқушылар орындай алады: Сұрақтар құрастыра отырып, деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазуа біледі.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері: Мәтінді оқып, тезис жасайды, мәтіндегі маңызды деп тапқан, тақырыпты ашатын мәлімет бойынша 3 сұрақ дайындайды. Мәтіндегі ақпаратқа сүйеніп, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап, жаратылыстану ғылымдарының интеграциясын көрсететін сызба жасайды. Өзі тұратын өлкедегі отандық өндірісте үлкен жетістіктерге жеткен танымал кәсіпкерге құттықтау папкасын дайындайды;
Тілдік мақсат: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кәсіпорын, металлургия, жұмысшылар, қазақ магниткасы. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Теміртау, домна пеші, тарих беттері т.б Сұрақтар: 1. Мына суреттің тарихы жайлы не білесің? 2. Сурет кейіпкері қызмет жолын бастаған жер Қазақстанның қай аймағында орналасқан? 3. Онда қандай ірі кәсіпорындар бар? 4. Кәсіпорын мен ол тұрған қала атауының тарихы туралы не білесің? 5. «Шойынмен шыңдалған» дегенді қалай түсінесің?
Құндылықтарды дарыту: 4.Индустрализация мен инновация негіздеріндегі экономикалық өсу
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың барысы
(25 минут)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 
Сиқырлы айна” әдісі  Оқушылардың көңіл күйлерін сұрайды. Бір-біріне қарап тұрып, тілектерін айтады, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қояды.
Топқа бөліну («Жастар жылы», «Кәсіпкерлерге қолдау», «Болашаққа нық қадам» деп тұңғыш Елбасының жолдауындағы сөз тіркестер арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ топ басшысын тағайындайды.)
«Мен 20 жылдан кейін» деп өздері туралы , болашақтағы кәсібі, жетістігі туралы 3 сөйлеммен ойын қағазға түсіреді.
1 - тапсырма. Мәтінді оқып, тезис жаса. Мәтіндегі маңызды деп тапқан, тақырыпты ашатын мәлімет бойынша 3 сұрақ дайында.
Дескрипторлар:  1.Берілген мәтінді түсініп оқиды.
2.Тезис жазады.
3.3 сұрақ дайындайды..
2 - тапсырма. Мәтіндегі ақпаратқа сүйеніп, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап, жаратылыстану ғылымдарының интеграциясын көрсететін сызба жаса. Оны сынып алдында түсіндір.
Дескрипторлар: 1.Мәтіндегі ақпараттарды топпен бірге талдайды;
2. Жаратылыстану ғылымдарының интеграциясын көрсететін сызба жасайды.;
3. Оны сынып алдында түсіндіреді.
3-тапсырма. Жағдаят: бүгін – Индустрияландыру күні. Өзің тұратын өлкедегі отандық өндірісте үлкен жетістіктерге жеткен танымал кәсіпкерге құттықтау папкасын дайындау саған тапсырылды. Құттықтау хатта кәсіпкердің отандық индустрия саласын дамытудағы еңбектерін, басты жетістіктерін және әлеуметтік салаларға демеуші ретіндегі үлесін атап көрсет. Танымал тұлғаның жас ұрпаққа берген тағылымдық өнегесіне алғыс білдір. Оған жерлестері мен болашақ ізбасарларының атынан тілек айт. 
Дескрипторлар: 1. Өзі тұратын өлкедегі отандық өндірісте үлкен жетістіктерге жеткен танымал кәсіпкерге құттықтау папкасын дайындайды;
2.Танымал тұлғаның жетістіктерін атап көрсете отырып, алғыс білдіреді;
3. Ойды нақты білдіреді.
Кері байланыс: «Төрт сөйлем» тәсілі.  
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір. 
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау
Cабақтың тақырыбы__________________________________________


Критерийлер

Әр критерийге сәйкес болсаңыз 1 немесе 2 баллдан қойыңыз. Жоқ болса, 0 балл қойыңыз.

Топтық талқылауға белсенді қатыстым




Басқалардың пікірін тыңдадым




Қызықты идеялар ұсындым




Өзімнің көзқарасымды айттым және оны шебер дәлелдедім




Топ алдында жұмыс нәтижесін қорғадым




Барлығы




Топқа бөлінеді

Алақанның суреті
Оқулық

Тезис жаднамасы


Постер қорғауға арналған ватман, маркер

дескрипторлар

оқулық

«Төрт сөйлем» тәсілі. парақша



Өзін-өзі бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет