ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КеАҚ
Кәсіптік практикадан өтуі туралы
КҮНДЕЛІК –ЕСЕП
(практика түрлері бойынша)
Білім алушы: Әнуарбек Елдар Бархатұлы
Факультет: Ветеринария және агроменеджмент факультеті
Мамандық: 6B09101 - Ветеринариялық медицина
Курс: 3
Топ: ВМ-901С
Семей
КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАР-КЕСТЕСІ
№
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқуға)
арналған жұмыстар тізбесі
Кәсіптік практиканың
бағдарламасын
орындау мерзімдері
Ескертпе
Начало Завершение
№
Кәсіби практиканың бағдарламасына сәйкес күнделікті атқарылған
(үйренген) жұмыс атаулары
Кәсіби практика
жұмысының жеке
тақырыптарының
орындалу мерзімі
Ескертпе
Начало Завершение
1 Мен Әнуарбек Елдар Диплом алды іс-тәжірибемді Қарқаралы
ауданында өттім.Малдәрігерлік іс-қағаздар – алғашқы тіркеу, актілер,
және қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
28.02.2022 28.02.2022
2 Дипломалды іс тәжірибемде Орташа дәрежелі соғылу кездесті.
Орташа дәрежелі соғылу-сипаты жалпы соғылудың 22,2% - ын
құрады. Яғни, 14 бас ірі қараның 2 - інде байқалды. Негізгі
себептерінің бірі көлікке тиеу – түсіру кезінде арнайы басбалдақтарды
қолданбау салдарынан және шамадан тыс жоғары орнатылған
оттықтың кермесіне малдың шоқтығының соғылуы. Клиникалық
белгілері: Соғу күші біршама қатты болғандықтан тері, тері асты
ұлпалары, орташа қан және лимфа тамырлары жарақаттанған. Ұлпалар
ыдырап, зақымдалған ошақ ісінген. Ісік – ыстық және аурушаң.
Малдың дене қызуы аздап көтерілді. Емдеу барысында малға
тыныштық жасап, қозғалысын шектедік, күтімін жақсарттық. Алғашқы
сағаттарда соғылған жердегі аурушаңдықты басып, қабынуды азайту,
қанды тоқтату үшін суық басып, қысып таңғыш салынды. . Осы
мақсатта физиотерапия жасалады. Жылулық компресстер, қыздыратын
майлар: камфора, бон-бенге қолданылады. Қабынуды жіне
ауырсынуды басу үшін айнил препаратын қолдандық. Инфекциялық
асқынудың алдын алу үшін соғылған жерге 5% - ды йод ерітіндісін,
0,01% калий перманганат ерітіндісімен, монклавит – 1 дәрілермен
өңделді.
01.03.2022 03.03.2022
3 Тәжірибе өту барысында малдәрігерлік – есептілік іс-қағаздарының
жүргізілу формасымен танысу: қауіпсіздік және еңбек қорғау
шарттары туралы мәліметтер алу; ауру малдарды журналға тіркеу;
07.03.2022 08.03.2022
4 Стерилизация жұмыстарын жүргіздім. Анамнез. Мысық. Сима. Қара
түсті. Емі. Стерилизация. 0,8 мл Ксиланитті бұлшық етке ектік.
Мысықты операция үстеліне бекіттік. Бекітуден бұрын жүнін қырдық.
Құрсақ қуысын йодпен өңдедік. 5 мл 0,5% новокаинды тері астына
ектік. Ақ сызықтың бойымен тілік жасап, тері мен тері астындағы
майды, ішпердені кестік. Жатыр мен жатыр мүйіздерін аналық
жұмыртқасымен бірге алып тастадық. Әр жатыр мүйізінде көлемдері
үлкен екіден марғау болды. Тігуден бұрын құрсақ қуысына Рингер
Локк ерітіндісін құйдық. Поликон жіппен ішпердені, тері асты майын,
теріні тіктік. Үздіксіз тігісті қолдандық. Йодпен тігісті өңдедік. Бандаж
кигіздік. Тігісті 10-15 күннен соң аламыз. Иесіне тігісті алғанша
левомеколь жағу, хлоргексидинмен өңдеу, ертең кеторол егуді,
бандажды ауыстыруды, бүгін – су, ертең – тамақ беру қажеттігін
айттық. Кеторол 1 мл таңертең бұлшық етке 3 күн.
09.03.2022 10.03.2022
5 Дипломалды тәжірибе уақытында 1.5 жастағы тайдын көкірек тұсында
сақау ауруы анықталды. Тай өте асау болғандықтан сетативтік
Ксиланит препаратты 7,5-15,0 мл 100 кг жылқының дене массасына
қарай тамыр астына ектік. 5 минуттан кейін препарат жылқыға әсер
етті.Әсер ету уақыты негізінде 25-30 минут. 1,5 жастағы тайда сақау
ауруы көкірек тұсыннан шыққан және оның еті әлі қалын,жару
уақыты келмеген соң сол жерге ірің тез жиналып еті жұқару үшін Йод
ерітіндісін ісіктін үстіне салды.Йодты салған себебі ісікті тез
өсіріп,жарылуына мүмкіндік береді. Йод ерітіндісі егілген аймақтан
қан ақты оны бізге былай түсіндірді сақау шыққан жерде жиналып
тұрған эксудация,ол кейіннен қан йодтың арқасында ірінге айналып
ісіп өседі.Кейде өзі жарылып шығады,шықпаған жағдайда оперативтік
хирургиялық методика арқылы тіліп,сол жерді тазалап емделінеді.Тігіс
салудын қажеті жоқ деді.
10.03.2022 11.03.2022
6 Жоспарлы тексеріс жүргізу барысында Жылқының жаурын үстінгі
жағына жарасын емдеу. Шоқтығына ағаш кіріп кеткен. Арқасы ісініп
14.03.2022 16.03.2022
іріңдеп кеткен. Емдеу: • Сыртына аққан іріңін барлығын
марганцовкамен жуып, тазалап, жүнін қырқып, хирургиялық
скальпелмен кестік. • Ішіндегі іріңнін барлығын сыртқа шығарып,
марганцовкамен ішінің барлығын тазалап жуылды. • Жараның ішіне
қара дәрі септік • Жараның сыртына чеми спрей шашып тастадым. • 10
гр нитокс жанбасынан берілді. • 2 күн сайын шоқтығын
тазалап,жудық. 7 күнде емделді.
7 Сидаға түскен жылқы Ауру малды тіркеу. Мал 12.04.20 әлденеден
үркігеннен қашадан секіріп, қолтық асты терісін жарақаттаған. Ашық
жарақат. Нақты диагноз жылқыда Ашық жарақат. Емдеу барысы 1.
ауру малдың жыртылған жерін маргансовкамен жақсылап жудық. 2.
Операция алаңын даярлау: операция алаңындағы жүндер қырқып,
қырып ,Сырқы терісіне 70 % спиртпен залалсыздандыру жасалды. 3.
Тігер алдында жарақаттын ішіне стрептацид ұнтағын септік. 4. Тігу:
Теріге үш жерден үздік тігістер жасалды. 5. Тіккеннен кейін чеми
спрей себілді (аэразоль). 6. Антибактериалды препараттар қолдандық:
Нитокс 200 -30 мг терең бұлшық ет ішіне енгізілді. 72 сағаттан кейін
қайталап беру. Тігуге қолданылған құрал-жабдықтар: Арнайы
хирургиялық ине, кергут жібі, қайшы, пинцет және хирургиялық
қысқыш.
17.03.2022 18.03.2022
8 Дипломалды іс тәжірибемде Ауыр дәрежедегі соғылу – сипаты жалпы
соғылудың 11,1% - ын құрады. Яғни, 9 бас ірі қараның 1-інде
байқалды. жануарлар көбіне бір – бірін сүзіп, теуіп, қысып
жарақаттайды. Негізгі себебі: малдарды айдау, қораға қамау,
ветеринариялық – зоотехникалық шараларды жүргізу кезінде ұрып –
соғудан жиі жарақаттанады. Клиникалық белгілері: соғылудан тері,
тері асты ұлпалары, қан тамырлары, бұлшық еттері, сіңірлері
жаншылған. Кейіннен жаншылған ұлпалар өлі еттенген, шіріген. Қан
құйылулар байқалмайды Емі: малға тыныштық жасап, қозғалысын
шектеп, күтімін жақсарттық. Алғашқы сағаттарда соғылған жердегі
аурушаңдықты басып, қабынуды азайту, қанды тоқтату үшін суық
басып, қысып таңғыш салынады. Айқын қабынуға қарсы және
анальгетикалық белсенділікке ие, қызуды төмендететін қасиеті бар
Мелоксивет препаратын қолдандық. Осыдан соң ол жерге жылулық
емдер жасап, қан айналысын, зат – газ алмасуын үдетіп, регенерацияға
жағдай туғызу қажет. Осы мақсатта физиотерапия жасалады.
Жылулық компресстер, қыздыратын майлар: камфора, Вишневскийдің
бальзамды майы, Бон- бенге, қолданылады. Инфекциялық асқынудың
алдын алу үшін соғылған жер 5% - ды йод ерітіндісін, 0,01% калий
перманганат ерітіндісімен, септо – спрей, монклавит – 1 дәрілермен
өңделеді.
21.03.2022 22.03.2022
9 Өндірістік тәжірибе өту барысында мен індеттік ауруларға қарсы
жүргізілетін мынандай жұмыстармен танысып, қатыстым. 1. Ауылдық
округ малдарынан бруцеллезге серологиялық тексеруге мойын күре
тамырынан қан алдық; 2. І.М.М. бруцеллезге қарсы «RB-52»
вакцинасымен; 3. Сібір жарасына қарсы малдарды 55-штамды
вакцинамен; 4. Аусыл ауруына қарсы поливалентті вакцинамен
вакциналадық. Әрбір жасалынған вакцинация жұмыстарын екі данада
Акт толтырылды
23.03.2022 24.03.2022
10 Малдәрігерлік іс-қағаздар – алғашқы тіркеу, актілер, журналдар,
есептер орнатылған тәртіппен қатаң жүргізіледі.Ветеринарлық
инспекторы маусымдық кезеңдерге бөлінген емдеу, алдын алу және
эпизоотияға қарсы жұмыстардың жоспарын құрып отырады.
Атқарылған шаралардың барлығы малдәрігерлік есептердің
актілерінде жазылады: Форма №1 вет. «Малдардың жұқпалы
аурулары туралы есеп». Форма №2 вет. «Малдардың жұқпалы емес
аурулары туралы есеп». Форма №3 вет. «Малдардың эпизоотиялық
аурулары туралы есеп».
24.03.2022 25.03.2022
11 Ірі қара мал мен қойдың аусылна қарсы моно - және поливалентті
сорбцияланған (ВНК-21 торшаларнда өсірілген вирустан
28.03.2022 29.03.2022
алынған)вакцинасы. Типетері: Airan-05, A Sea-97, O PanAsia, O
PanAsia-2, Asia-1 Shamir. Енгізу дозасы іқм үшін 3 мл, ұсақ мал үшін 1
мл. Флакон көлемі 210 мл. СТО 00495527-0143-2010.
12 Дипломалды іс тәжірибемде Бұзаудың диспепсиясы
кездесті.30.03-01.04 аралықта Бұзауды 5 кун жағдайын қадағалап
емдеу шараларын жүргіздім.Жануардың ауруының себебі уыздың
алғашқы бөлігін уақтылы ішпеу болды. Ауру келесі белгілермен
көрінді: тәбеттің әлсіреуі, шөлдеу, асқазан аймағындағы ауырсыну,
ішек қозғалғыштығының жоғарылауы, диарея құбылыстары,
шырышты нәжіс, тахикардия, тыныс алудың жоғарылауы, кейбір
жалпы депрессия. Жетекшілік ететін жануардағы қарапайым
диспепсияға Диагноз анамнез, симптомдар және қанды зертханалық
зерттеу нәтижелері (эритроцитоз, лейкоцитоз), нәжіс (сұйық,
шырыштың болуы) негізінде кешенді түрде орнатылды.
Дифференциалды диагноз қою кезінде жұқпалы және жұқпалы емес
аурулар алынып тасталады. Жануарға кешенді терапия тағайындалды:
Лимон қышқылымен қышқылданған тұзды тағайындаумен 12 сағаттық
оразаны қамтитын диеталық терапия. Ішке синтомицинді қамтитын
дәрілік терапия. Ұсынылған кешенді терапияның нәтижесінде жануар
5 күн ішінде қалпына келді
30.03.2022 01.04.2022
13 Дипломалды іс тәжірибе өту барысында «Вызов» түсті. Катаракта
(ноғала) емдеу кезінде малды дұрыстап бекітіп алып, көмекшіге мал
көзін ашқыздырып таза залалсыздандырылған инемен малдың үшінші
қабағын инеге өткізіп айландырамыз ,үшінші қабақ астындағы
шеміршекті саусақпен сипап шегін анықтап, скальпелмен кесіп алып
тастадық. Калий перманганаты ерітіндісімен шайып пеницилинге біраз
мөлшерде қант пудрасы араласқан ұнтақты септім.
04.04.2022 05.04.2022
14 Жоспар бойынша Қарқаралы ауылдық округіне қарасты аймақты
тексеру барысында мал иесінің сұранысы бойынша ірі қара малын
тексердік.Сиыр малын клиникалық зертеу барысында жануар
денесінен эктопаразитті бит табылды.Сиыр малына санитарлық-
гигиеналық талаптарды сақтай отырып, жүн жегіш битке қарсы
ИВЕРМЕК препаратын ектік.
06.04.2022 08.04.2022
15 Жоспар бойынша алынған қан сынамаларын «Аудандық
ветеринариялық лабораторияға» жеткізіп, сынамаға қойылған
серологиялық реакцияға қатыстық. Бруцеллез ауруын анықтау үшін
комплемент байланыстырушы және Роз-Бенгал реакциясы қойылды.
Роз-Бенгал реакциясы: эмальданған пластинканың ойығына 1 тамшы
зертттелетін малдың қан сары суы мен 1 тамшы антиген тамызып қол
аралыстырғышымен мұқият араластырып, 4 минутқа автоматты
магнитті араластырғышқа қойып баяу шайқаймыз. Реакцияныц
нәтижесін көзбен қарап бағалаймыз. Егер қоспада қызыл күлгін түсті
түйіршіктер түзіліп сұйыктық ортасы мөлдірленсе, зерттеудің
нәтижесі - оң, ал керісінше түйіршіктер түзілмей сұйық орта
лайланбаған қалпында қалса нәтижесі теріс деп бағаланады.
Комплемент байланыстырушы реакциясы: Сыналатын қансарысуын
(0,05 мл), құрғақ комплемент , бруцеллезді антигенді физиологиялық
ерітінді арқылы сұйылтып арнайы ыдыста дайындап, Флоринский
аппаратымен пробиркаларға құйып 15 минутқа 37℃-та су моншасына
қойылды. Реакция нәтижесі: Бруцеллезге теріс нәтиже берді.
11.04.2022 12.04.2022
16 «Аудандық аумақтық ветеринарлық инспекция» бөлімімен танысып,
жетекшісі Мусафирбеков Болат Жантұяқовичпен кездесу жүргіздік.
Болат Жантұяқовичтен аудандық «Жақсылық» базарының
Ветеринариялық-санитарлық сараптау бөліміне баруға рұқсат алдық.
13.04.2022 14.04.2022
17 Болат Жантұяқовичтің рұқсатымен Ауданға қарасты «Жақсылық»
базарының ветеринариялық-санитарилық сараптау бөлімінде сүт
өнімдерін тексеру жұмысына қатыстық. Ет және субөнімдерін тексеру
органолептикалық тексеру арқылы өтті.Сүт өнімін тексеру үшін
Лактан 1-4 М аппаратымен сүттің сапасын анықтадық. Ол үшін
тексерілетін сүттің 5-6 грамм мөлшерде аппаратың өлшеу стаканына
18.04.2022 19.04.2022
құйып, 1-2 минуттан кейін сүттің майлылық, тығыздық және құрғақ
қоспалардың мөлшерін анықтадық. Сүт майлылығының қалыпты
мөлшері: 3,2%-жоғары, Тығыздығының қалыпты мөлшері 27-33
г/м,Құрғақ заттың қалыпты мөлшері 16-ға дейін. Сүтті бруцеллез
ауруына тексеру үшін «Сақиналық реакция» қойдық. Ол үшін
пробиркаға тексерілетін сүтті 2 мл мөлшерде алып, оған 1 тамшы
бруцеллез ауруының антигенің тамызып термостатқа 37°
температурада 40 минутқа қойдық. Егер антиген бояуы сүтке
араласып, сақина түсі түссізденіп,сақинасы қанық түсте болып,
төменге тұндырылмаса реакция оң нәтиже береді. Реакция нәтижесі: 5
және 7 сынама реакцияға күдікті нәтиже беріп, сатылымға жіберілмей
қайталама реакция жүргізілді Милтек-1 аппаратымен Мастит ауруына
тексеру:
18 Қарқаралы ауылындағы Ірі қара малдарды аусылға,қарасанға егіп және
туберкулезге тексердік. • Эмкар-0.2-4 жасқа дейінгі ірі қара малдар
бұлшық етке егілді. • Аусыл- ірі қара малдарға 3 мл, қойларға мл тері
астына егілді. • Туберкулезге ірі қара малдарын тексердік. Ол үшін
арнайы туберкулизациямен 0,2 мл тері ішіне енгіздік. Нәтижесін 3
күннен кейін ісіген орнынан байқаймыз.
20.04.2022 21.04.2022
19 Қарқаралы ауылдық округінде дипломалды іс-тәжірибеден өту кезінде
6 айлық құлындардың жал-құйрықтарын күзеп, дусты сеуіп, мойнынан
тері астына 3 гр ивермек берілді. Мақсаты: Кене жабыспас үшін және
бит баспас үшін күзеледі. Өндірістік тәжірибеден өту барысында
малдарға кене түсуі кездесті. Емдеу шаралары ретінде малға кенеге
қарсы диазинон ерітіндісін қолдандық. Сондай-ақ қойларды қышыма
инфекциясына және әртүрлі тері ауруларына қарсы купкаға түсірдік. 1
литр неоцидол дәрісін 1000 л суға қатынастырып жасадық.
25.04.2022 27.04.2022
20 Дипломалды іс-тәжірибеде қолдан ұрықтандыру. 196°С азотта
қатырылған сперманы t° 37-38°С суға салып, 1 минут ұстап, сүртіп,
катетрді енгізіп, ұшын қырқып, сыртынан чехол қаптап, арқаға салып
аламыз. Тік ішегіне қол салып жатырдың мойнынан ұстап, катетрді
қынапқа енгізіп, қуықтың саңылауына түсіп кетпеу үшін, катетерді
бірінші кынап кіреберісінің төменгі жағынан 10-15 см-ге жылжытып,
содан соң 45°-қа жоғары қаратып әрі қарай жылжытады, содан соң
катетерді туралап жатырдың мойынына толығымен кіргенше
жылжытады. Содан кейін ұрықтандырушы-техник қолымен жатырдың
мойынын ұстап тұрып, катетерді жатыр мойынының каналына
жақындатып, кішкене саусақтын көмегімен катетерді алдыға қарай
бағыттайды. Катетер жатыр мойынының каналына кіргеніне көз
жеткізгеннен кейін, жатыр мойының алақанмен қысып ұстап аздап
көтеріп, абайлап айналмалы қозғалыс жасап катетерге қарай
жылжытады. Катетер жатыр мойынына кірген соң сұқ саусақпен
бақылап тұрып катетерді жатырдың денесіне 0,5-1 см-ге жылжытып,
катетердің поршеніне қысым жасау арқылы катетердің ішіндегі
ұрықты ағызады.. Содан кейін, катетерді жыныс жолдарынан, ал
қолды малдың тік ішегінен абайлап алып шығу қажет.
28.04.2022 03.05.2022
21 28.03.2022-08.05.2022. аралықта Дипломалды іс тәжірибе өткен
жерімде осы апталар бойынша қандай жұмыстар жүргізгенім бойынша
толық отчет тапсырдым. Дипломалды іс тәжірибе соңғы күнінде
Вызов түсті.Баршатас ауылына қарасты Қойшыбаев Б.Д тұрғыны
өзінің сиырларынан қан алу және егілу жұмыстары жүргізілмеген
туралы хабарлама айтты.Қойшыбаев Б.Д. үйіне барып бруцеллезге
қарсы қан алу және екпе жұмыстарын жүргізіп. Алынған қан
сынамаларын бруцеллез ауруын анықтау үшін лабораторияға жіберуге
Жолдама хат толтырдым.
02.05.2022 06.05.2022
Үйренген құрылғының, жабдықтың, технологиялық үдерістердің, өндіріс автоматизациясы,
механизациясы және еңбектің алдыңғықатардағы әдістерінің сипаттамасы
МІНЕЗДЕМЕ
Кәсіптік практика жетекшісінің қорытындысы (ұйым, кәсіпорын, мекеме)
УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ПРАКТИКА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ЕСЕП
слайд есеп
Электрондық цифрлық қолтаңба:
Достарыңызбен бөлісу: |